20.01.2023, 20:52 27621

Қазақстанда шекарадағы 12 өткізу пунктінде электрондық кезек іске қосылды

Қазақстанда шекарадағы 12 өткізу пунктінде электрондық кезек іске қосылды
Сурет: freepik.com
Электрондық кезек жүйесі кезектілікті қалыптастыру процесінің ашықтығы мен цифрландырылуын қамтамасыз ету үшін құрылған

Астана. 20 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп ЕАЭО-ның сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы 12 өткізу пунктінде электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесінің пилоттық іске қосылғаны туралы хабарлайды.
 
2022 жылғы 23 қарашада Qoldau.kz ("cargoruqsat" мобильді қосымшасы) сайтында "Аақпараттық-есепке алу орталығы" АҚ платформасында "Достық авто" өткізу пунктінде электрондық кезек жүйесін енгізу бойынша алғашқы пилоттық жоба іске қосылды. Іске қосылған сәттен бастап бұл жүйені 4,2 мыңнан астам пайдаланушы пайдаланды, брондауға байланысты 28 мыңнан астам операция жасалды.
 
Электрондық кезек жүйесін құрудың мақсаты көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізу пунктіне кіру кезектілігін қалыптастыру процесінің ашықтығы мен цифрландырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің транзиттік-көліктік және экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады.
 
Жүйені ҚР ҚМ "Ақпараттық-есепке алу орталығы" АҚ мамандары әзірледі. Бұл жүйе барынша ыңғайлы және ашық болып табылады, жүргізуші көрсетілген порталда тіркелгеннен кейін немесе мобильді қосымша арқылы жол жүру үшін бос күн мен уақытты таңдайды. Бұл ретте жүргізуші өз кезегі туралы СМС-хабарлама алады.
 
Электрондық кезек енгізілетін өткізу пункттерінің тізімі:
 
1) Темір-Баба (Маңғыстау облысы);
 
2) Нұр Жолы (Жетісу облысы);
 
3) Тәжен (Маңғыстау облысы);
 
4) Жібек Жолы (Түркістан облысы);
 
5) Целинный (Түркістан облысы);
 
6) Сырдария (Түркістан облысы);
 
7) Б. Қонысбаев (Түркістан облысы);
 
8) Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы);
 
9) Қалжат (Алматы облысы);
 
10) Қазығұрт (Түркістан облысы);
 
11) Атамекен (Түркістан облысы);
 
12) Бақты (Абай облысы).
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны