21.04.2021, 20:50 12366

Қазақстанда сыртқы қарыз қаражатын игермегені үшін жауапты адамдар тағайындалады

Әңгіме салық төлеушілер есебінен өтелетін мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы болып отыр.
НҰР-СҰЛТАН. 21 СӘУІР - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады және сыртқы қарыз қаражатын игермегені үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Нұрлан Нығматулин сыртқы қарыздың игерілмеуі бюджеттен қосымша шығындарға алып келуі мүмкін екенін атап өтіп, тиісті норманы заңнамалық деңгейде бекіту арқылы мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігін күшейту қажеттігін айтты.
 

Сыртқы қарыз қаражатын игермегені үшін жауапкершілік, "бұлыңғыр болмауы" тиіс. Ол нақты жазылуы керек. Егер құжаттың Үкіметтің нұсқасын қабылдайтын болсақ, онда іс жүзінде жауапкершілік ұйымның бірінші басшысын жауапкершіліктен алып тастап, орынбасарға жүктелетіні түсінікті. Сондықтан да, мұндай сәйкессіздіктерге жол беруге болмайды", - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

 
Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасының пікірінше, жергілікті бюджетті болжау кезінде аймақтардың ерекшелігі ескерілуі тиіс. 
 
Сондықтан, депутаттар жергілікті бюджетке түсімдерді болжау тәртібін жергілікті уәкілетті органдарға беруді ұсынады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны