12.10.2022, 18:27 11726

Қазақстанда цифрлық және қағаз құжаттар теңестірілді

Қазақстанда цифрлық және қағаз құжаттар теңестірілді
Астана. 12 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 367/НҚ "Цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжаттарды қалыптастыру, тексеру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі No 352/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі.
 
Құжат цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды пайдалану қағидалары мен тәртібін бекітеді.
 

Цифрлық құжаттар сервисінде қолжетімді барлық электрондық құжаттар қағаз жеткізгіштегі құжаттарға тең және QR-кодты немесе қысқа кодты тексеру арқылы тексеріледі", - делінген бұйрықта.

 
Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді. Субъект мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторландырудан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
 
Мобильдік қосымша және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелері электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың сервистерін шақыру арқылы құжатты генерациялау үшін қажетті деректерді алады.
 
Алынған деректерді тексеру нәтижесі сәтті болған жағдайда, сұратылған құжат цифрлық құжаттар сервисінде көрсетіледі.
 
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерге сәйкес кәмелетке толмаған балалардың цифрлық құжаттары баланың заңды өкілдеріне әдепкі бойынша қол жетімді.
 
 "Ашық қолжетімділік" функциясын пайдаланған кезде қорғалған QR- код және үшінші тұлғаларға құжатты қарауға уақытша рұқсат беретін қысқа код жасалады. Үшінші тұлғалардың цифрлық құжаттар сервисі арқылы цифрлық құжаттарға қол жеткізуі субъектінің келісімімен жүзеге асырылады.
 
Цифрлық құжаттар сервисінде қолжетімді электрондық құжаттардың дұрыстығын тексеру мобильдік қосымша немесе цифрлық құжаттар сервисімен интеграцияланған пайдаланушылардың ақпараттық жүйелері арқылы жүргізіледі.
 
Мобильдік қосымшада үшінші тұлға қолжетімді әдістерді пайдалана отырып авторландырудан өтеді және мобильдік қосымшадағы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының камерасы арқылы QR-кодты оқиды. Құжаттарды қарау туралы белгі субъектінің және үшінші тұлғаның "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинеттерінде белгіленеді.
 
QR-кодты немесе қысқа қол жеткізу кодын тексерудің сәтті нәтижесімен мобильді қосымша мемлекеттік органдардың немесе ұйымның сервистерін шақыру арқылы цифрлық құжатты шығарады. Үшінші тұлғаға құжаттарды қарауға рұқсат беріледі.
 
Сондай-ақ үшінші тұлғалар цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен субъектінің "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
 
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны