23.09.2025, 12:12 189516
Бағаны тұрақтандыру үшін тиімсіз делдалдар жойылады
Достарға айту
ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ол жалпы ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс ұйымдастырылғанын және бақылауда екенін атап өтті. Апта сайынғы негізде кеңестер өткізіледі, онда әрбір тауар мен өңір бөлінісіндегі мәселелер жедел түрде шешіледі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі жыл басынан бері 100,8%-ды, тамызда 0%-ды, қыркүйектің алғашқы үш аптасында 0,1%-ды құрады.
Көкөніс тобы тамыз айының басынан бастап картоп, сәбіз және пияз сияқты өнімдерге бағаның өсуін орта есеппен 2,5 есе төмендете алды. Тұз, жұмыртқа, картоп және күнбағыс майы бойынша отандық өндірушілермен жыл соңына дейін бағаны белгілеу жөнінде меморандумдар жасалды. Макарон өнімдері, ұн және күріш бойынша индекс көрсеткіші төмендеген", - деді Арман Шаққалиев.
Ішкі нарықты толықтыру үшін 15 мамырдан бастап тірі малды әкетуге тыйым салынды, сонымен қатар ет әкетуді ветеринарлық бақылауды күшейту және сиыр етін экспорттау квотасын тек ет өңдеуші кәсіпорындарға белгілеу жөніндегі ұсыныстар қолдау тапты.
Қосымша сиыр еті бойынша фермерлерден сауда желілеріне ет жеткізуді қамтамасыз ету үшін сауда желілерімен келісімге қол жеткізілді. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қажетті көлемді АШМ қамтамасыз етеді.
Бақылау шаралары аясында және делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы барысында тиімсіз делдалдар анықталып, жойылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.11.2025, 19:43 31721
ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында сатып алудың электронды платформасы іске қосылды
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі жобалық кеңсенің отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қараша айынан бастап meks.zakup.sk.kz электронды сатып алу платформасы іске қосылды. Бұл жүйеде Ұлттық жобаға қатысушы барлық коммуналдық кәсіпорындар тіркелген.
Қазіргі уақытта 26 кәсіпорын шамамен жарты триллион теңге болатын 174 жоба бойынша өтінім берді. 2026 жылға арналған тауарларға деген қажеттілік айқындалып, 680 әлеуетті ЕРС-мердігер мен 172 отандық өндіруші анықталды. Олар Ұлттық жобаны жүзеге асыруға қажетті өнім жеткізуге дайын.
Сондай-ақ отырыста аз қамтылған азаматтарды тұрғын үймен қолдау шаралары қаралды. Биыл 9,6 мың отбасы коммуналдық қызмет шығындарының бір бөлігін өтеу түрінде көмек алған.
Қанат Бозымбаев жауапты мемлекеттік органдарға көмекті тағайындау рәсімін жеңілдетіп, қолданыстағы қолдау шаралары туралы халықты кеңінен ақпараттандыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.11.2025, 12:37 31956
Мәжіліс Цифрлық кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Достарға айту
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында цифрлық кодекстің жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Аталған заң жобасын Парламент депутаттары Мемлекет басшысының Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлық елге айналдыру стратегиялық міндетін орындау мақсатында ҚР Үкіметімен бірлесіп әзірледі.
Құжат бүкіл цифрлық экожүйе үшін құқықтық платформа болуы керек. Ол бірыңғай терминологияны, қағидаттар мен реттеу нормаларын белгілей отырып, қолданыстағы салалық заңдарды біріктіреді. Бұл тәсіл қайшылықтар мен үйлеспеушіліктерді жойып, цифрлық басқару жүйесін тұтас әрі тұрақты етеді. Яғни бұл жай ғана заң емес - ол цифрлық экономиканың және цифрлық мемлекет архитектурасының негізі болады.
Кодекс цифрлық деректер, активтермен жұмыс істеудің бірыңғай қағидаттарын белгілейді, цифрлық сәйкестендіру, электрондық қолтаңба және биометриялық аутентификация тетіктерін бекітеді. Заң жобасы сондай-ақ жасанды интеллект пен "ақылды өңірлерді" дамыту сияқты бағыттарды қамтиды.
Заң жобасы бойынша жұмыс одан әрі Мәжілістегі жұмыс топтарында депутаттармен бірлесіп, екінші оқылымда қабылданғанға дейін жалғасады, одан әрі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына енгізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.11.2025, 11:34 32161
Мәжіліс "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекске өзгерістерді бірінші оқылымда мақұлдады
Достарға айту
2025 жылғы 12 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Аталған заң жобасын Мемлекет басшысының геологиялық барлау мен жер қойнауын игеру саласындағы реформаларды заңнамалық және практикалық тұрғыдан рәсімделуін аяқтау жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Үкіметі әзірледі. Бұл ретте саланы цифрландыру және толық ашықтығын қамтамасыз ету көзделген.
Заң жобасының негізгі міндеттері: жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру; электрондық аукциондарды енгізу; сынама алу үшін тау массасын өндіруге рұқсат беру; МЖҚҚББ рәсімінсіз геологиялық барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алу; құны $100 млн-нан асатын жобаларды жүзеге асыратын стратегиялық инвесторларға қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге басым құқық беру мүмкіндігін қарастыру; $500 млн-нан астам инвестиция салынған жағдайда Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы Келісім жасасу.
Аталған нормалар елдегі инвестициялық ахуалды едәуір жақсартып, жер қойнауын пайдалану және өңдеу өнеркәсібі салаларына жаңа инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.
Заң жобасы бойынша жұмыс одан әрі Мәжілістегі жұмыс топтарында депутаттармен бірлесіп, екінші оқылымда қабылданғанға дейін жалғасады, одан әрі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына енгізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.11.2025, 18:31 32371
Олжас Бектенов "Қазақстан-Еуроодақ" диалогтік платформасының 18-ші отырысын өткізді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстандағы ағымдағы өзара іс-қимыл және іскерлік ахуалды одан әрі жақсарту мәселелері жөніндегі "Қазақстан-Еуроодақ" диалогтік платформасының 18-ші отырысы өтті. Жиынға ЕО елдері бизнес-қоғамдастығының өкілдері, дипломатиялық миссиялар және сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Еуропалық Одақ - Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Биыл 9 айда Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы $33,1 млрд-ты құрады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында ЕО елдерінен Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны $4,2 млрд-қа жетті. Елімізде машина жасау, энергетика, агрохимия, фармацевтика, азық-түлік өнеркәсібі сияқты басқа да салаларда еуропалық капиталдың қатысуымен 4 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың арасында Alstom, Claas, Carlsberg, Polpharma және басқа да бірқатар компания бар.
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның еуропалық әріптестермен өзара іс-қимылды тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында инвестициялық саясатты жетілдіруге ерекше көңіл бөлді. Біз экономикаға ұзақмерзімді инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Еуропалық бизнесті Қазақстандағы қатысуын кеңейту үшін және өндірісті локализациялау мақсатында жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Осы жылдың 10 айында Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция 13,1%-ға өсіп, 16 трлн теңгеге жетті.
Қазақстан Үкіметі инвесторлардың мүдделерін қорғауға, бизнеске қолдау көрсетуге кепілдік беретін құқықтық және институционалдық негіздерді жоспарлы түрде нығайтып келеді. Бизнеске арналған әкімшілік талаптарды жеңілдету шаралары аясында есеп беру түрлерінің жартысына жуығы жойылды. EgovBusiness веб-порталы және мобильді қосымша арқылы инвесторларға барлық мемлекеттік қызметтер мен қолдау шаралары "бір терезе" қағидаты бойынша ұсынылып отыр. Жалпы, мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн-форматқа ауыстырылған.
Жаңа Салық кодексінде инвесторлар үшін салықтық жеңілдіктер, кедендік баж салықтарынан босату, заттай гранттар беру және басқа да жеңілдіктер түріндегі икемді преференциялар сақталған.
Бизнеске инфрақұрылым бойынша қолдау арнайы экономикалық, индустриялық, шағын өнеркәсіптік аймақтарда дайын өндіріс алаңдарын ұсыну түрінде көрсетіледі.
Жиында ЕО елшісі Алешка Симкич, Германия елшісі Моника Иверсен, Нидерланд елшісі Нико Схермерс, Франция елшісі Сильван Гиоге, Швеция елшісі Стефан Эрикссон, Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығының төрағасы Ерлан Досымбеков, Glovo Қазақстан (Испания) бас менеджері Лаура Мартин Алькарас ұсыныстары мен ұсынымдарын айтты. Бизнес жүргізу мен дамыту шарттары, болжамды салық саясаты мен заң үстемдігіне қатысты және тағы да басқа мәселелер көтерілді.
Еуропалық Одақ елшісі Алешка Симкич Қазақстан еуропалық инвесторлар үшін Орталық Азиядағы негізгі бағыт екенін атап өтті. Ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттары ретінде энергетика, цифрлық коммуникациялар мен ЖИ, көлік, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару сияқты басқа да салалар аталды.
Қазақстан WEF жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі сияқты рейтингтердегі өз позициясын жақсарта түсуде. Инвестицияға қатысты бірқатар негізгі көрсеткіш бойынша Қазақстан өңірде көш бастап тұр. Инвесторлар жағдайын одан әрі жақсару болашақта үлкен пайда әкелуі мүмкін", - деді Нидерланды елшісі Нико Схермерс.
Франция елшісі Сильван Гиоге инвесторлар үшін сенімді құқықтық база қалыптастырып отырған мемлекеттік деңгейдегі реформаларға байланысты француз компаниялары Қазақстан нарығына үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтты.
Швеция елшісі Стефан Эрикссон Қазақстандағы цифрлық трансформацияның маңыздылығын атап өтіп, швед компанияларының жасанды интеллект технологияларын енгізу саласында тәжірибе алмасуға мүдделі екенін растады.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға және инвестициялық байланыстарды жандандыруға жан-жақты ықпал етуге дайын екендерін жеткізді. Премьер-министр мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жиында айтылған мәселелер мен ұсынымдардың барлығын пысықтауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.11.2025, 12:35 29696
Мәжіліс Цифрлық кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Мәжіліс Цифрлық кодекс жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа кодексті депутаттар Президенттің 2025 жылғы Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның цифрлық мемлекет болуына құқықтық негіз жасау мақсатымен әзірледі, деп хабарлайды Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметінен.
Құжат цифрлық ортадағы қарым-қатынасты, цифрлық үкімет пен оның платформасының жұмыс принциптерін, онлайн қызметтер ұсынуды, сондай-ақ цифрлық қолжетімділік мәселелері мен Үкіметтің ақпараттық жүйелері циклін реттейді.
Негізгі жаңалықтардың бірі - цифрлық қызметтерді қолдайтын әкімшілік ақпараттың анықтама көздері болатын ұлттық деректер тізілімдерін реттеу.
Кодексте деректер санаттары арасындағы айқын айырмашылықтар қарастырылған:
- әкімшілік деректер - мемлекеттік функцияларды орындау барысында жасалған;
- ашық деректер - компьютермен оқылатын, міндетті түрде жариялануға жататын деректер.
Жоба сонымен қатар шығындардың тиімділігін арттыруға және инфрақұрылымның қайталануын болдырмауға арналған цифрлық жүйелердің интеграциясы мен қызмет көрсету модельдерін реттейді.
Құжатта эксперименттік құқықтық режимдердің жұмыс істеу рәсімдері егжей-тегжейлі сипатталған. Оларды енгізу және тоқтату ережелері, сондай-ақ талдау және мониторинг рәсімдері, ашықтық пен есеп беру талаптары белгіленген. Бұл біріздендіру бұрынғы артық тәсілдерді жойып, инновация үшін бірыңғай құқықтық негіз жасайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.11.2025, 20:26 43616
Тегін дәрі-дәрмектерді сатқаны үшін қатаң шаралар қолданылады
Достарға айту
Мемлекет басшысының бағаны қалыптастыру тетігін реформалау бойынша берген тапсырмасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі жүйелі жұмыстар жүргізуде. Соның нәтижесінде генерик препараттардың шекті бағасы түпнұсқалық дәрілердің құнынан 30%-ға төмендетілді. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Вице-министрдің сөзінше Денсаулық сақтау министрлігінің халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етудегі негізгі міндеттеріне қауіпсіз және сапалы дәрілік заттарға қолжетімділігі, баға реттеудің әділдігі, тек тиімді дәрілік заттарды пайдалануды арттыру, дәрілік заттар мен медициалық бұйымдардың айналым процестерін цифрландыруды қамтамасыз ету жатады.
Қазіргі таңда елімізде 10 мыңнан астам дәріхана ұйымдары жұмыс істейді, оның ішінде 2 700-і ауылдық жерлерде орналасқан. Шалғай елді мекендерде 11 жылжымалы дәріхана пункттері жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындарына дәріханалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін келесі жылы жаңадан ашылып жатқан ауылдық медициналық ұйымдар базасында дәріхана пункттерін ашу жоспарлануда. Бүгінгі күні 2 174 дәріхана тиісті дәріханалық тәжірибе (GDP) стандарттарына сәйкестігін растады.
Елімізде жалпы 20 476 дәрілік зат пен медициналық бұйым тіркелген, олардың 15%-нан астамы - қазақстандық өндірушілер үлесіне тиесілі. Ал, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған "өмірлік маңызы бар дәрілер" (ЖФЛС) тізімінде елімізде отандық өнімдер үлесі 37%-ды құрайды. Биыл дәрілік заттарды Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) рәсімдері аясында тіркеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Бұл тіркелген дәрілердің жалпы санын 60%-ға көбейтеді, олардың ішінде 300-ден астамы - қазақстандық дәрілер. Осы үрдісті жылдамдату үшін сараптамалық жұмыстардың құнын 90%-ға төмендету шаралары қабылданып, сараптама порталы әзірленді. Сонымен қатар өтініш берушілерге арналған Call-центр құрылды. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тіркелген дәрілік заттар бойынша салыстырмалы талдау нәтижесінде Қазақстан нарығы көрсеткіштері өзге елдерден кем түспейді, бұл кең ассортименттің бар екендігін көрсетеді. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мақсатында елімізде 2 зертхана жұмыс істейді. Биыл 1 723 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша 43 дәрілік заттарда сәйкессіздік анықталып, олар нарықтан алынып тасталды. Дәрілердің адам денсаулығына тікелей әсер ететіндігін ескере отырып, Министрлік дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды күшейтуде, жоспарға сәйкес тегін қамтамасыз ету шеңберінде сатып алынатын дәрілердің 100%-ы сараптамалық іріктеумен қамтылады. Сонымен қатар сараптама ұйымымен 3 500 дәрілердің тиімділігі мен қолдану барысындағы тәуекелдерін бағалап, олардың 20%-ында сәйкессіздік анықталды. Осыған байланысты өндірушілер тіркеу құжаттарына өзгерістер енгізіп, ал сындарлы жағдайларда препараттың тіркелуі уақытша тоқтатылды", - деп атап өтті вице-министр.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Министрлік баға қалыптастыру тетігін реформалау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Атап айтсақ, маркетингтік және көлік шығындары алынып, генериктердің шекті бағасы түпнұсқалық дәрілердің құнынан 30%-ға төмендетілді және референттік елдер тізімі жаңартылды. Референттік талдау мақсатында 100-ден аса елдің өзекті бағалары бар халықаралық дерекқорға қолжетімділік қамтамасыз етілді. Жаңа баға қалыптастыру механизмі негізінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі мен МӘМС шеңберінде дәрілік заттардың 2 900 сауда атауы, бөлшек және көтерме сауда үшін 4 900 атауы бойынша бағалар қайта қаралды.
Соңғы бірнеше ай ішінде дәрілер бағаларын салыстырмалы талдау нәтижесінде енгізілген баға реттеу механизмінің тиімділігі және халық үшін дәрілердің экономикалық қолжетімділігіне оң әсерін тигізді. 2025 жылы Бірыңғай дистрибьютор өткізген сатып алулар нәтижесінде 70,5 млрд теңге үнемделді. Үнемделген қаражат қосымша дәрі-дәрмек қажеттілігін сатып алуға бағытталды. Осы жылдың қазан айындағы бөлшек сауда желісін мониторингтеу нәтижесінде халық арасында сұранысқа ие препараттардың бағасы орта есеппен 11%-ға төмендеді.
Сонымен қатар вице-министр "Қазақтелеком" АҚ компаниясымен бірлесіп Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы дәрілік заттардың шекті бөлшек бағаларын көрсететін функционалы енгізілгенін атап өтті. Енді дәрі-дәрмектерді сату ережелері бұзылған жағдайда аталған мобильді қосымша арқылы министрлікке шағым түсіре алады. Республикалық бюджет есебінен амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінетін қаржы жыл сайын артуда, бұл көрсеткіш 2020 жылдан 2025 жылға дейін 48%-ға өсіп, 115 млрд-тан 262 млрд теңгеге дейін жетті.
Осы жылдың 10 айында 3 млн пациент жалпы сомасы 219,7 млрд теңгеге тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілді. Халықты дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету және медициналық ұйымдардың қоймаларын уақтылы толықтыру мақсатында Бірыңғай дистрибьюторда жалпы сомасы 21 млрд теңге көлемінде тұрақтандыру қоры құрылды.
Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне енгізілген өзгерістерге тоқталсақ, мұнда тек қаржыландыру көзі ғана өзгерді. Тегін мемлекетпен кепілдендірілген көмек көлемі пакетінен бірқатар созылмалы ауруларды МӘМС пакетіне көшуіне қарамастан, мемлекеттік кепілдіктер толық сақталып, қаржыландыру көлемі өзгеріссіз қалады. Қант диабеті, ревматоидты артрит, балалар сал ауруы және басқа созылмалы аурулары бар науқастар қажетті дәрілерді толық көлемде алатын болады.
Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету көрсеткіші бойынша еліміз жоғары деңгейдегі елдердің қатарына жатады, жан басына шаққандағы шығын көлемі $50 доллардан асады.
Осы жылдың сәуір айынан бастап "Бірыңғай терезе" қағидаты бойынша композиттік қызмет енгізілді, оның шеңберінде:
- дәрілер мен медициналық бұйымдарды сараптау және тіркеу мерзімдері 2 есеге қысқартылды;
- жоғары реттеу жүйесі бар елдер үшін тіркеу мерзімі 15 жұмыс күніне қысқартылды;
- дәрілер мен медициналық бұйымдардың шекті бағаларын тіркеу және Қазақстан ұлттық дәрілік формулярына енгізу рәсімдері жеңілдетілді.
Бүгінгі таңда, композиттік қызмет аясында 300-ден астам қызмет көрсетілді.
Тіркеу тетіктерін оңтайландыру нәтижесінде әлемдік өндірушілердің заманауи инновациялық дәрілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Жалған (контрафактілік) дәрілік өнімдерді анықтау мақсатында 2024 жылдың шілде айынан бастап дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесі енгізілген. Бүгінгі күні дәрілік заттар нарығының барлық қатысушылары таңбалау жүйесіне қосылған. Бұл қадағалау мен реттеу тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Таңбалау жүйесін енгізу дәрілік заттардың айналым ашықтығын арттырып, олардың бөлшек саудасында салық түсімдерінің өсуіне оң әсер етті. Биыл бюджетке 24 млрд теңге салық түсімдерін алып келді. Таңбалау жүйесінің көмегімен тұрғындарға тегін берілген амбулаториялық дәрілердің жеке дәріханаларында сату фактілері анықталды. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мен Бас прокуратура бірлесіп жоспардан тыс тексерулер жүргізуде", - деп атап өтті вице-министр.
Министрлік осындай заңбұзушылықтарға жол берген субъектілерге қатысты қатаң шаралар қабылдайтын болады. Осы жылдың желтоқсан айында медициналық бұйымдар мен биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау бойынша пилоттық жобасы басталады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы процестерін цифрландыру аясында дәрілерді жазып беру мен қамтамасыз ету бойынша жобалар да жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, медициналық ақпараттық жүйелерінде электрондық рецепт жазу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйелері интеграцияланды. Мұның нәтижесінде рецепт рәсімдеу және жазып беру тиімділігі едәуір артып, рецепт беру уақыты 2 есе қысқарды. Сонымен қатар "Әлеуметтік әмиян" жобасы аясында электрондық рецепт жазу жүзеге асырылуда, 708 медициналық ұйымда 10 млн астам рецепт қамтамасыз етілді. Рецепт жазу "e-Densaulyq", "Halyk", "БСК", "Face ID", SMS-код және басқа цифрлық тетіктер арқылы жүзеге асырылады.
Биыл қаңтар айынан бастап медициналық ұйымдардың "өз тарапынан" сатып алулары Электрондық қаржы орталығының веб-порталы арқылы электрондық форматқа көшірілді, бұл 11%-ға дейін үнемдеуге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Министрлік бірлесіп төлеу тетігін қолдану арқылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді "орталықсыздандыру" бойынша жұмыс жүргізуде.
Бұл тетік ерікті түрде жүзеге асырылады және қосымша төлем тек пациенттің қалауы бойынша қарастырылады. Жеке дәріхана желілері арқылы бірлесіп төлеуді пайдалана отырып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібі айқындалды. Жоба аясында пациенттерге өз қалауы бойынша дәрілерді таңдауға мүмкіндік беріп, жалпы алғанда 4 млн адамға дейін қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Министрлік жасанды интеллектті дәрілік заттарды жоспарлау мен уақытылы жеткізу ісіне қолдануды жоспарлауда. Сондай-ақ жасанды интеллект жалған рецепттерді анықтау үшін пайдаланылатын болады. Таңбалау жүйесінде "жасанды интеллект - кеңесшісі" енгізіліп, ол нарық қатысушыларына таңбалау, айналым ережелері және заңнамалық талаптар бойынша автоматты түрде кеңес алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар таңбаланған дәрілік заттардың қозғалысын мониторингтеу және талдау үшін болжамды аналитика енгізіліп, бұл айналымдағы тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Министрлік тарапынан халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен уақытылы, әрі үздіксіз қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.11.2025, 17:23 43616
Жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру қызметкерлердің әкімшілік жүктемесін 35%-ға төмендетті
Достарға айту
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Олжабеков Үкімет отырысында геология саласын цифландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ол цифрлық трансформация шеңберінде жер қойнауын пайдалану саласындағы бизнес-процестердің реинжинирингі өткізілгенін атап өтті. Соның ішінде геологиялық және тау-кен телімдерін бөлу құжаттарын беру және қайта рәсімдеу үдерістері жетілдірілген.
Бұрын өтінімдер қағаз түрінде, азаматтардың жеке келуі арқылы қабылданатын. Мемлекеттік органдардың қызметкерлері басқа ведомстволардың деректерін қолмен тексеріп, салыстыратын, соның салдарынан мерзімдердің созылуы орын алатын. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция және деректерді автоматты тексеру тетіктері болмаған. Қазіргі уақытта бұл процесс толықтай автоматтандырылған және бірыңғай жер қойнауын пайдалану платформасы арқылы жүзеге асырылады. Біз қағаз құжат айналымынан интеграцияланған цифрлық экожүйеге көштік. Цифрландыру нәтижесінде рәсімдердің саны 45%-ға қысқарып, өтінім берушілерге түсетін бюрократиялық жүктеме азайды, ал қызметкерлердің әкімшілік жүктемесі 35%-ға төмендеді. Деректерді өңдеу жылдамдығы артты, координаттарды қолмен тексеру кезіндегі қателіктер жойылды. Мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара іс-қимылы толық цифрлық форматқа көшірілді. Платформаға 3 мыңнан астам жер қойнауын пайдаланушы қосылып, бұл салалық рәсімдердің бірыңғайлығын және жүйенің кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етті", - деді Мәлік Олжабеков.
Сондай-ақ вице-министр Astana Hub экожүйесінде геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы стартаптар қарқынды дамып келетінін айтты. Олар өндіру тиімділігін арттыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында цифрлық шешімдерді енгізуде. Жобалар қатарында:
- Hard Code тау-кен операцияларын цифрлық жоспарлау және позициялау жүйесі;
- AppStream өндірістік және басқарушылық процестерді автоматтандыруға арналған ERP-жүйесі;
- Manul Technologies мұнай мен газ өндіруді оңтайландыруға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;
- minePASS жер асты өндірісін басқару және қауіпсіздік жүйесі;
- OAR тау-кен кәсіпорнының цифрлық қосымша көшірмесі, имитациялық модельдеу және VR/AR технологияларын қамтиды.
Салада 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бас компаниялардың бірі - NORDAL. Ол геологиялық барлау және өндіру процестерін мониторингтеу, талдау және оңтайландыруға арналған интеллектуалды платформаны құрды. Платформа нақты уақыт режимінде өндіріс нысандарынан деректер жинап, өңдейді, кен орындарын болжаудың дәлдігін арттырады, бұрғылау ерітінділерін басқаруды автоматтандырады және зертханалық әрі өндірістік жүйелердің деректерін біріктіреді.
NORDAL компаниясының клиенттері қатарында Schlumberger, Samruk Energy, Kazatomprom, TotalEnergies, Arx Minerals және басқа да ірі компаниялар бар. Astana Hub экожүйесінде осындай технологиялардың дамуы жер қойнауын пайдалануды және өндірістің тиімділігін арттырады. Intelligent Digital Solutions (IDS) компаниясы SCADA, ERP және аналитикалық құралдарды біріктіретін интеграцияланған жүйелерді жасайды. Олар кен орындары туралы деректерді басқарылатын көрсеткіштерге және практикалық шешімдерге айналдыруға мүмкіндік береді.
Платформаны енгізу нәтижесінде мұнай өндіру 10%-ға өсті, лифтинг шығындары баррельге $1,7-ден $1,2-ге дейін төмендеді. Smart Field Airankol тұжырымдамасы аясында өндірістік үдерістердің 70%-дан астамы автоматтандырылды.
IDS компаниясының негізгі шешімдеріне нақты уақыт режимінде деректерді бақылау және талдау, іс-шараларды жоспарлауға арналған предиктивтік аналитика, өндіру мен жөндеуді оңтайландыру, активтер мен персоналды басқару кіреді. Клиенттер қатарында Caspy Neft, Shubarkol Premium, УПНК, IC Petroleum бар. Геология саласы мен жер қойнауын пайдалануды цифрландыру табиғи ресурстарды тиімді басқарудың, рәсімдердің ашықтығының және инвестицияларды тартудың басты факторы болып отыр.
2021 жылдан бастап жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде Бас прокуратурасы үшін пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру орындары анықталады. 2025 жылы мониторинг 46 ірі елді мекенді қамтыды. Заңсыз қазба орындары бойынша 1 845 орын анықталды, оның ішінде 72 жаңа, 109 тарихи аудан өзгерген және 1 664 тарихи өзгеріссіз қалды. Бұл табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың кешенді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деді Мәлік Олжабеков.
Сондай-ақ жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Олжабеков геология саласы мен жер қойнауын пайдалану саласында 58 мемлекеттік қызмет көрсетілетінін, қазіргі таңда олардың 56-сы, яғни 96%-ы, онлайн форматқа ауыстырылғанын, бұл өтінім берушілер үшін қызмет алуды едәуір жеңілдететінін атап өтті.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша 6 459 қызмет көрсетілді, оның 5 340-ы, яғни 82%-ы, электрондық форматта берілген. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, цифрлық геоплатформалар мен жер қойнауын модельдеу жүйелері жер қойнауын пайдаланудың ашықтығын және инвестициялық тартымдылығын арттырады. Қазақстан да осы бағытта, аталған жүйелер мен платформаларды дамыта отырып, алға жылжып келеді.
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Олжабеков ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұлттық геологиялық-геофизикалық деректер базасының толықтығын және жүйелі жаңартылуын қамтамасыз ету, ғылым мен бизнесті серіктеске тарта отырып, жер қойнауын цифрлық платформалар мен модельдеу технологияларын дамыту, сонымен қатар инвесторлардың сенімін арттыру және саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланудың рәсімдерін болжамды және ашық ету маңыздылығы бойынша ұсыныстар айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.11.2025, 15:18 43811
Геология секторында инвестиция көлемі жыл сайын өсіп келеді - Өнеркәсіп министрлігі
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында геология саласын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің, сондай-ақ Ұлттық геологиялық қызметінің басшылары баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өз кезегінде өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында жер қойнауын пайдалану және геологиялық барлау саласындағы ахуал туралы баяндады. Ол қазір ел бойынша 103-тен астам түрлі пайдалы қазба және 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынғанын, сондай-ақ, қолданыста 2,9 мыңнан астам лицензия және 250-ге жуық қатты пайдалы қазбалар бойынша келісім-шарт бар екенін хабарлады.
Мемлекет Басшысы өз Жолдауында геология саласын цифрлық жүйеге көшіру арқылы жаңа деңгейге жеткізу қажеттігін ерекше атап өтті. Осы міндеттерді жүйелі жүзеге асыру арқасында бүгінде сала жаңғыртудан өтуде. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде алғаш рет 5 кен орыны мемлекеттік есепке алынды. Олар - Көк-Жон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенческий және Тақыр-Қалжыр кен орындары. Қор көлемі 98 тонна алтынға, 36 мың тонна мысқа, 11 миллион тонна марганецке және 1,3 миллион тонна фосфоритке артты. Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда елдің геологиялық-геофизикалық зерттелуін 2,2 млн шаршы шақырымға дейін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде шамамен 2 млн шаршы шақырым аумақ зерттеліп отыр. Перспективті учаскелерді ерте анықтау және барлау тиімділігін арттыру мақсатында зерттеу жұмыстары неғұрлым нақты масштабта, яғни бір де елу мың (1:50 000) масштабында жүргізілмек. Аталған тәсіл бойынша 2026-2028 жылдары 100 мың шаршы шақырым аумақ зерттелетін болады. Одан кейін жыл сайын 30 мың шаршы шақырымнан қамтылады", - деді Иран Шархан.
Жұмысты жеделдету үшін 20 жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге Үкімет резервінен 240 млн теңге бөлініп, геологиялық түсірудің жаңа стандарттары бекітілгені атап өтілді. Аталған жұмыстарды Ұлттық геологиялық қызмет, "ЦентрГеолСъемка" ЖШС, Сатпаев атындағы Ғылыми‑технологиялық институт және тәжірибелі мамандардан құралған консорциум бірлесіп жүзеге асыруда. Жұмыс барысында "Тау‑Кен Самұрық" қатысуымен әуе-геофизикалық, геохимиялық және цифрлық технологиялар қолданылатын болады. Келесі жылға кешенді зерттеу мен сейсмо-барлауға шамамен 44 миллиард теңге қарастырылған.
Бүгінде Бірыңғай жер қойнауын пайдалану платформасын енгізу нәтижесінде сала ашық, басқарылатын және қолжетімді бола түсуде. Аталған платформада өтінім беруден бастап, лицензия алуға дейінгі толық цифрлық цикл қарастырылған. Жалпы платформада 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, электронды аукциондар мен бонустарды онлайн төлеуге мүмкіндік беретін "электронды әмиян" сервисі іске қосылған. Биыл жүйеде 94%, яғни бес жарым мыңнан астам келісімшарт пен лицензия цифрландырылды, 730-ға жуық лицензия берілді, 4 аукцион өткізіліп, бонустан 45 миллард теңге бюджетке түсті. Сонымен қатар, енді лицензиялар мен келісімшарттар бойынша есептердің 89%-ы онлайн қабылданады. Осының арқасында міндеттердің орындалуы автоматты түрде бақыланып, тексерудің тиімділігі артты. Қазір Бірыңғай платформа арқылы 66 мыңнан астам геологиялық есепті онлайн алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар бастапқы геологиялық ақпаратты да цифрландыру жүргізілуде. Бүгінде оның 73%-ы электронды форматқа ауыстырылды, жыл соңына дейін 97%-ға жетпек. Ал толық цифрландыруды келесі жылы аяқтау көзделіп отыр", - деді Иран Шархан.
Оның айтуынша, көп көлемдегі деректерді жинақтап, талдау үшін жасанды интеллект қолданатын Big Data жобасы жүзеге асырылуда екен, ол Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесіне негізделген. Қазір пилоттық кезең аяқталып, жоба ресми түрде басталған және оны 2028 жылы толығымен аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде барлық геологиялық деректер цифрландырылып, бір жүйеге келмек. Жоба жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қаржысы есебінен жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ геологиялық талдау сапасын арттыру мақсатында "Ұлттық геологиялық қызмет" базасында жаңа заманауи зертханалық кешен құрылып, ғылыми-технологиялық орталық ретінде қызмет атқаратын болады. Ол жобада зертханадан бөлек қор сақтау және керн қоймасы ғимараттары да қарастырылған. Бұл елімізде бірыңғай геологиялық деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінде құрылыс жұмыстарына Астана қаласынан 4 гектар жер учаскесі бөлінді. Жоба құны - 14 млрд теңге. Зертханалық кешенді 2028 жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарлануда.
Жүргізіліп жатқан реформалар саланың ашықтығы мен тартымдылығын арттырып, инвестиция көлемінің жыл сайын өсуіне ықпал етуде. Бүгінгі таңда ірі инвестициялар геологиялық барлау жобаларын жүзеге асыруда табысты, тәжірибесі мол "Тау-Кен Самұрық" Ұлттық тау-кен компаниясы арқылы тартылып жатыр. Компания Fortescue, Esan сияқты ірі халықаралық серіктестерді тартып, 21 бірлескен кәсіпорын құрды. 72 миллиард теңгеден астам инвестиция салынды және 8 кен орны зерттеліп, мемлекеттік балансқа алынды. Қазіргі уақытта 5 пилоттық жоба - Жосабай, Құйрықтыкөл, Қаратас, Нұра-Талды, Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты учаскелерінде жұмыстар жүргізілуде. 2028 жылы бұл жобалар бойынша қорларды JORC стандартына сай есепке қою жоспарлануда. Осыған орай мемлекет мүддесін қорғау үшін "Тау-Кен Самұрыққа" жер қойнауын пайдалану бойынша басым құқық беру қарастырылуда", - деді Иран Шархан.
Вице-министр саланы реформалау жалпы оң нәтиже беріп отырғанын айтады. Осыған байланысты заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Қазірде Жер қойнауын пайдалану кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленіп, Мәжілісте қаралуда екен. Заң жобасы саланы әрі қарай дамытуға бағытталған негізгі жаңашылдықтарды қамтиды. Олар - жер қойнауын цифрлық пайдалану қағидаттарын бекіту, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне басым құқық беру, жасырын өндіру үшін жауапкершілікті күшейту, аукциондардан түскен бонустардың бір бөлігін геологиялық зерттеулерге бағыттау.
Заң жобасының Мәжілістегі бірінші оқылымы он екінші қарашаға жоспарланды. Министрлік сала тұрақтылығын нығайту мақсатында минералдық ресурстарды тиімді, сенімді және ашық басқаруды әрі қарай жалғастыратын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.11.2025, 15:18Геология секторында инвестиция көлемі жыл сайын өсіп келеді - Өнеркәсіп министрлігі 11.11.2025, 20:26 43391Тегін дәрі-дәрмектерді сатқаны үшін қатаң шаралар қолданылады11.11.2025, 17:23 43391Жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру қызметкерлердің әкімшілік жүктемесін 35%-ға төмендетті10.11.2025, 13:22 35571Олжас Бектенов LanzaJet басшылығымен елімізде экологиялық таза авиаотын өндіретін зауыт салу мәселесін талқылады10.11.2025, 17:48 35396Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылдың 10 айында 6,4%-ды құрады
03.11.2025, 13:05 192671Қызылорда облысына су жеткізуді жақсарту мақсатында Көксарай су реттегішінен 60 мың текше метр құм мен қиыршық тас шығарылды03.11.2025, 12:09 192091Қазақстанда жыл басынан бері 26 мыңнан астам веб-сайт бұғатталды03.11.2025, 17:16 191906Жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар 40 миллион теңгеге жуық айыппұл төледі03.11.2025, 18:55 187381Алматы қаласында 4,3 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген03.11.2025, 19:15 186691Үкіметте Алматы әуежайын жаңғырту жұмыстарының барысы қаралды

