23.09.2025, 18:24 175746

Бір жылда 13 млн тоннадан астам астық тасымалданды: Көлік министрлігі жаңа маусымға дайындық туралы баяндады

Қазақстанның көлік инфрақұрылымы жаңа егіннің астығын тасымалдауға толық дайын. 2024-2025 маркетинг жылында 13,3 млн тонна астық тасымалданып, көрсеткіш 45%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Оның ішінде 10,3 млн тонна экспортқа және 3 млн тонна республика бойынша жеткізілді. Өнімді алқаптан уақтылы әкету элеваторлар мен жаңа егінді қабылдау үшін қоймаларды босатуға мүмкіндік берді.

Негізгі бағыттарда оң динамика байқалады. Бөлек айтқанда, Қытай бағытында астықтың көлемі төмендегенмен, азықтық ұн 2 миллион тоннаға жетіп, 4,6 есеге өсті. Бұл, өңдеушілердің қосылған құны жоғары өнімді шығарудың нәтижесінде мүмкін болды", - деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.


Қолданыстағы парк астық жүктерін тасымалдау үшін жеткілікті. Мысалы, астық таситын вагондар 16,3 мыңға және ұн тасуға арналған жабық вагондар саны 16, 5 мыңға жетті. Және ұлттық операторда 1,7 мың локомотив бар.

Сонымен қатар министрдің айтуынша мемлекет аралық пунктілер астықты жоғары деңгейде тасымалдауға дайын, ол үшін осы пункттерде пойыздарды өткізу мүмкіндігі жеткілікті. Өзбекстан және Орталық Азия бағытында өткізу қабілеті тәулігіне 42 пойызды, ал Қытай бағытына 43 пойызды, Ресей бойынша 85 пойызды құрайды.

Нұрлан Сауранбаев барлық экспорттық бағыттар бойынша резервтер бар екенін, бұл қазақстандық астықты үздіксіз тасымалдауға кепілдік беретінін атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны