28.07.2025, 17:54 24426

Черногорияда Абай орталығы ашылды

Черногорияда Абай орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.

Черногорияның Ұлттық кітапханасында (Подгорица қ.) қазақтың ұлы ақыны, философы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Мақсаты - Абай Құнанбайұлының шығармашылығын халықаралық деңгейде насихаттау.

Абай орталығының ашылу салтанатына Черногорияның Қазақстан, Австрия, Германия, Словакия, Испания, Италия, Венгрия, Болгария, Түркия және Греция Елшіліктерінің дипломатиялық өкілдері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны