04.03.2026, 12:15 5096

IT-Aiel және AqylTech - қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған ауқымды әрі нәтижелі бастама

2025 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен IT-Aiel және AqylTech жобалары іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстанның барлық өңірлеріндегі жастардың қаржылық сауаттылығын, арттыру және цифрлық құзыреттерін дамыту арқылы олардың экономикалық дербестігін күшейту. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров хабарлады. Оқу бағдарламалары қаржылық жоспарлау мен жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға, киберқауіпсіздік талаптарын сақтау және дербес деректерді қорғау дағдыларын меңгеруге, электрондық коммерция тетіктерін түсінуге, цифрлық кәсіпкерлік негіздерін игеруге, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын тұрмыста да, жұмыста да тиімді қолдануға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.

Былтыр жоба қарқынды даму кезеңінен өтті және нақты нәтижелер көрсетті. Онлайн және офлайн форматта өткен оқыту аясында 11 мыңнан астам қатысушы қамтылды. Осы бағыттағы ағартушылық жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 157 тренерге арнайы оқыту ұйымдастырылды. Республикалық шаралармен қатар ТМД-ға мүше мемлекеттердің басын қосып, халықаралық үздік жобалар байқауы өткізілді", - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.


2026 жылы бағдарламалар мазмұны жаңғыртылып, өзекті әрі қолданбалы тақырыптармен толықтырылды. Қатысушылар тек жалпы білім алып қана қоймай, оны нақты нәтижеге айналдыруға бағытталған дағдыларды игереді.

IT-Aiel және AqylTech қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған ауқымды әрі нәтижелі бастама. Қалыптасқан LMS платформа тренерлер базасы және кеңейген серіктестік желі жобаның тұрақты әрі ұзақ мерзімді жалғасуына негіз болады", - деді ведомство өкілі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны