04.03.2026, 13:17 1391

IT-Aiel және AqylTech: әйелдер мен жастарға жаңа цифрлық мүмкіндіктерIT-Aiel және AqylTech: әйелдер мен жастарға жаңа цифрлық мүмкіндіктер

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Nazarbayev University вице-президенті Гүлмира Қанайдың айтуынша, "IT-Aiel" жобасы - әйелдерге арналған цифрлық мүмкіндіктер платформасы. Жоба аясында 21 000-нан астам әйел білім алды, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.

Бұл - тек оқыту емес. Бұл - экономикалық қайта әлеуметтендіру. Әсіресе 40-тан асқан әйелдер үшін бұл - жаңа өмір бастау мүмкіндігі. Қатысушылар промпт-инженер, чат-бот жасаушы, ЖИ-графикалық дизайнер, бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеуші, цифрлық маркетинг, e-commerce сияқты мамандықтарды меңгеруде. Сонымен қатар киберқауіпсіздік, интернет-алаяқтықтан қорғану, қаржылық сауаттылық негіздері де қамтылған. 2025 жылы жобаға Өзбекстан, Түркия және Қырғызстаннан әйелдер қатысып, олардың үлесі 7%-ды құрады", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


Сонымен қатар 2025 жылы "AqylTech" жобасы аясында қаржылық сауаттылық, киберқауіпсіздік негіздері және жаңа ЖИ мамандықтары жаппай оқыту жүргізілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6 264 адам сертификат алып, 1 600-ден астамы жұмысқа орналасты немесе фриланс болып істей бастады. Екі жоба да онлайн форматта үш ай бойы жүзеге асырылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны