09.09.2022, 20:33 32781

Кедендік тексеру: бюджетке 45,1 млрд теңге өндірілді

Кедендік тексеру: бюджетке 45,1 млрд теңге өндірілді
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚЫРКҮЙЕК - Қытаймен кедендік шекарада тәртіп орнатуға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жүргізілген тесерулер нәтижесінде бүгінгі таңда 10 уәкілетті экономикалық операторлардан бюджетке 45,1 млрд теңге өндірілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
2022 жылдың ақпан-мамыр айларында мемлекеттік кірістер органдары 10 уәкілетті экономикалық операторға қатысты жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер жүргізген болатын.
 
Кедендік тексеру нәтижелері бойынша 107,7 млрд.теңге мөлшерінде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар қосымша есептелді. Уәкілетті экономикалық оператор тауарлардың кедендік құнын дұрыс төмендетіп көрсету арқылы кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтармақ болған.
 
Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша мемлекеттік кірістер органдары прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен бірлесіп мемлекет бюджетіне 45,1 млрд.теңге мөлшерінде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасын өндіріп алды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны