06.07.2022, 15:57 15591
Үкіметте КҚК жұмысының тоқтауына байланысты шығындарды азайту шаралары талқыланды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Кеңес барысында қазақстандық мұнай экспорты шектелуінің теріс салдары мен мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайту жөніндегі қажетті шаралар талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бірқатар тиісті тапсырма берді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Новороссийск қаласының аудандық соты Каспий құбыр консорциумының (КҚК, Ресей мен Қазақстанның қатысуымен компания) қызметін 5 шілдеден 30 тәулікке тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Себебі, Ространснадзор КҚК өндірістік нысандарында экологиялық бұзушылықтарды анықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.06.2023, 14:20 5956
Жазда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 100 мыңнан аса оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылады
Сурет: Gov.kz
Достарға айту
Жаз мезгілінде балаларға арналған олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 100 мыңнан аса оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Gov.kz.
Мемлекеттік органдар өкілдері мен мониторингтік топтар келесі іс-шараларды жүргізді:
• демалыс объектілерінің дайындығы тексерілді;
• санитарлық қадағалау күшейтілді;
• демалыс орындарындағы өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша алдын алу шаралары жүргізілді;
• жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде бірыңғай, қауіпсіз тәсілдерді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен арнайы семинар-кеңес ұйымдастырылды;
• Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп балалардың өрт пен судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдері әзірленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2023, 13:58 6391
Роман Скляр Алматы полиция департаментіне барып қайтты
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Алматыға жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық полиция пепартаментінде болып, Мемлекет басшысының полиция бөлімшелерінде үздіксіз бейнебақылау жүйесін енгізу және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау туралы тапсырмасының орындалу барысымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Роман Скляр ішкі істер органдарының күштері мен құралдарын басқарудың қуатты кешені деп табылатын ПД жедел басқару орталығында болды.
Ол қаладағы жедел жағдайдың жай-күйін бақылауға, қылмыстарды, тәртіпсіздіктерді, табиғи апаттарды, төтенше жағдайларды және басқа да жағдайлар бойынша қызметтер мен бөлімшелердің іс-қимылдарын үйлестіруге арналған.
Бүгінгі өмір жағдайында азаматтардың және олардың мүлкінің қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларға маңызды рөл беріледі. Бүгінде Алматыда 128 мыңнан астам бейнебақылау камералары қолданылады. ПД-ға іссапар барысында Роман Склярға бұқаралық іс-шараларды сүйемелдеу кезінде ресми тапсырмаларды жылдам орындауға мүмкіндік беретін байланыс кешенінің жұмысы да көрсетілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2023, 13:54 6506
Қазақстанда өзен-теңіз көліктеріне арналған айып тұрағы көбейеді
Қазақстанның шағын көлемді флоты 19 мыңға жуық кемеден тұрады
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев еліміздің су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейту бойынша қолға алынған жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Gov.kz.
Ведомство басшысы айтқандай, Қазақстанның шағын көлемді флоты 19 мыңға жуық кемеден тұрады. Олардың басым бөлігі Алакөл және Балқаш көлдерінде, Бұқтырма мен Қапшағай су қоймаларында, сондай-ақ Каспий теңізінің жағалауында қатынап жүр.
Осы кемелердің қауіпсіз жүруін Көлік комитетінің аумақтық инспекциялары қадағалап келеді. Министр биылғы 1-ші маусымнан бастап көлік бақылау инспекциялары "Назар аударыңыз! Шағын флот!" республикалық іс-шарасын өткізуді қолға алғанын жеткізді. Бұл арқылы елімізде шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды жолға қойып, жағалаулардың маңындағы демалу орындарында халықтың қауіпсіздігін сақтау көзделіп отыр. Аталған іс-шара 31-ші тамызға дейін жалғасады.
Былтыр еліміздің су айдындарындағы қауіпсіздікті бақылау үшін 3061 тексеру жұмысы жүргізіліп, оның нәтижесінде шағын кемелерге қатысты 795 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның дені жеке құтқару құралдарының болмауы, кемені құжатсыз пайдалану мен басқару, навигациялық белгілердің талаптарын сақтамау, сондай-ақ кемедегі қалдықтар пен басқа да заттарды су айдындарына төгуге қатысты болды", деді М.Қарабаев.
Бұған қоса Марат Кәрімжанұлы министрлік аталған кемелердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылап, қадағалауды жақсарту үшін аумақтық инспекциялардың қызметіндегі өзекті мәселелерді шешу бойынша қажетті жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Атап айтқанда, техникалық паркті толықтыру мен судағы тәртіпті бұзған көлік түрлеріне арналған уақытша ұстау тұрағын үлғайтуға басымдық беріліп келеді.
Өзен-теңіздегі көліктердің қызметін бақылауға қатысты тағы бір маңызды мәселе - көлік бақылау органдарын қызметтік кемелермен жарақтандыру саналады. Мәселен, белгіленген нормаға сай 18 техника болуға тиіс. Қазір оның 9-ы бар. 2023 жылы 4 моторлы қайықты сатып алу көзделген. 2024 жылға қарай тағы да 5 арнаулы кеме алынатын болады", деді ИИДМ басшысы.
Жергілікті атқарушы органдарға өтініштерді жіберудің нәтижесінде ұсталған су көліктеріне арналған айып тұрақтары Ақмола, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында құрылды. Алайда Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Абай және Жетісу облыстарында бұл бағыттағы жұмыс кенжелеп тұр. Министр бұл өңірлермен қажетті жұмыс жалғасатынын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2023, 13:50 6626
Президент ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маргарета Седерфельтке ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламент Ассамблеясы арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне.
Президент парламенттік дипломатия мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектесетініне назар аударды. Сондай-ақ ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің жүзеге асырылуы туралы айтты.
Өз кезегінде Маргарета Седерфельт Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын және ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясы негізгі саяси институттардың жүйелі трансформациялану барысын ерекше қызығушылықпен бақылап отырғанын жеткізді.
Бұдан бөлек, кездесу барысында Астана халықаралық форумындағы (AIF), сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2023, 13:43 6736
Үкіметте жаз мезгілінде су қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды
Жыл сайын 300-ге жуық адам суға кетіп, қайтыс болса, олардың 100-ге жуығы балалар
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаз мезгілінде су қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Қазгидрометтің" болжауынша, биылғы жаз маусымы жылдағыдан ыстық болады деп күтілуде. Әсіресе, еліміздің батысы мен шығысында және оңтүстігінде аптап ыстық көпке дейін сақталады деген болжам бар. Яғни, суға барып демалушылардың саны да арта түсері сөзсіз.
Жаз енді басталды, ал еліміздің су айдындарында қаза тапқандардың саны ұлғайып барады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша жаздың бірінші күні ғана 4 адам суға кетіп, мерт болды. Алдыңгүні бір күнде 9 адам, кеше тағы 4 адам суға кеткен. Қайғылы жағдайлардың барлығы шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде орын алған. Бұл - шынымен де алаңдатарлық жағдай", - деді Әлихан Смайылов.
Қазіргі уақытта шомылу маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда: өңірлерде шомылуға қажетті арнайы орындар жабдықталып, жаңадан жағажайлар салынып жатыр. Сондай-ақ қауіпсіздік шараларын сақтауға қатысты профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Үкімет басшысы республикада жыл сайын 300-ге жуық адам суға кетіп, қайтыс болатынын, олардың 100-ге жуығы балалар екенін айтты. Бұл қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді.
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында осы уақытқа дейін шомылуға рұқсат етілген арнайы орындар белгіленбеген. Ал Қызылорда облысында бүкіл өңір халқы үшін арнайы белгіленген 4-ақ орын бар. Алматы облысында Қапшағай су қоймасының маңындағы көптеген жеке меншік жағажайлар ресми тіркелмеген", - деді Премьер-Министр.
Осыған байланысты өңір әкімдіктеріне Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, суға шомылуға арналған қауіпсіз орындарды белгілеу жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары туралы халықты белсенді түрде хабардар етіп отыру тапсырылды.
Сонымен қатар Үкімет басшысы профилактикалық жұмыстар негізінен қалалар мен аудандарда ғана жүргізілетінін айтып өтті. Ауылдық жерлерде бұған көңіл бөлінбейді.
Сол себепті суға батқандардың басым көпшілігі, яғни 60-70%-ы ауыл тұрғындары болып отыр. Осы бағытта жергілікті жерлерде ауқымды жұмыстар жүргізу қажет. Судағы қауіпсіздік талаптарын, алғашқы көмек көрсету ережелерін, арнайы жағажайлар мен қауіпті орындар туралы ақпаратты халыққа үнемі жеткізу керек", - деді Әлихан Смайылов.
Одан бөлек Премьер-Министр оңтүстік өңірлердегі суару каналдары да адамдарға қауіп төндіріп отырғанын айтты. Олардың көбі қоршалмаған.
Бұл - бірінші кезекте балалар үшін өте қауіпті. Каналдарда балалар өлімі көп жағдайда Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында тіркеледі. Бұл ретте Түркістан облысының оң тәжірибесін атап өткім келеді. Онда арыққа түсіп, құлап кеткен жағдайда өз бетінше сыртқа шығуға мүмкіндік беретін арнайы құралдар орнатылуда. Өңір әкімдіктері осы тәжірибені зерделеп, каналдар мен арықтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін пысықтауы қажет", - деді Әлихан Смайылов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2023, 13:36 7001
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі астық жинау болжамын жариялады
Достарға айту
Биыл жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрады. Бұл 2022 жылғы деңгейден 68,6 мың гектарға көп. Оның ішінде жаздық егіс алқабы - 20,9 млн гектар, деп мәлім етті ҚР Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеев.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тұқыммен, агрохимиямен, техникамен қамтамасыз етуге, қаржыландыруға байланысты барлық мәселені үйлестіру мақсатында Республикалық жедел штаб жұмысын жалғастырып жатыр.
Көктемгі науқанды өткізу үшін өңірлерде 149,8 мың трактор, 4,9 мыңнан астам жоғары өнімді егіс кешені, сондай-ақ 76 мың сепкіш болды. Жұмыс басталарда барлық өңір бойынша техниканың дайындығы 100%-ды құрады.
Қазіргі уақытта егін жинау науқанын жүргізуге арзандатылған дизель отынына қажеттілік қалыптастырылуда.
Дизель отынының қажетті көлемін қалыптастыру және сату алғаш рет субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі модуль базасында электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Аталған жүйе арқылы 368,2 мың тонна отынға 28,5 мыңнан астам өтінім берілген.
Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі жөнелту кестесін қалыптастыру үшін Энергетика министрлігіне жіберілетін жалпы өтінімді қалыптастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2023, 13:17 7196
Өскеменде құдық ішінен ер адамның денесі табылды
Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр
Достарға айту
Өскемен қаласында құдық ішінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Inform.kz.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, "102" жедел арнасына белгісіз ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен.
Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына келіп жетті. Мәйіт Назарбаев даңғылы бойында "Адем" аялдамасы маңындағы коммуналдық құдықтардың бірінен табылған. Қазіргі уақытта марқұмның кім екені анықталып жатыр. Әзірге оның нақты неден өлгені белгісіз. Сараптама жұмыстары тағайындалған", - делінген ақпаратта.
Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде Үлбі өзенінің жағасынан жас жігіттің мәйіті табылғаны хабарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2023, 13:09 7431
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мұхамедиұлының үстінен жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастамақ
Жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе шешілуде
Достарға айту
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бұрынғы мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлына қатысты сот процесінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін "Дипломат" қонақ үйін үшінші тұлғаларға қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залалды өтеуге мәжбүрлеу туралы ақпарат пен бейнеролик таратылды, деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Мұхамедиұлына 221 млн теңге жымқырды деген айып тағылып, оның қатысы жиналған дәлелдемелермен расталып, іс-әрекеттердің біліктілігі прокуратура органдарымен келісілді. Оның әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді", деп мәлім етті агенттіктен.
Сонымен қатар, тергеу барысында жауапкершілікті жеңілдету мақсатында ол мемлекет кірісіне айналдырылған 111 млн теңге сомасындағы залал ішінара өтелді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта "Дипломат" қонақ үйін рейдерлік басып алды деген күдікті Мұхамедиұлының өзіне қатысты қосымша эпизод бойынша тергеу аяқталды.
Осыған байланысты, Мұхамедиұлы сотталушыларына аталған мән-жайлар бойынша сот пен жұртшылықты адастыру жолымен жауапкершіліктен жалтару мақсатында жалған ақпарат берілді.
Жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе шешілуде.
Азаматтардан тек ресми көздерден алынған объективті деректерге сенуді сұраймыз, деп мәлім етті агенттік өкілдері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
06.06.2023, 13:09Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мұхамедиұлының үстінен жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастамақ 06.06.2023, 13:17 7191Өскеменде құдық ішінен ер адамның денесі табылды06.06.2023, 13:36 6996ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі астық жинау болжамын жариялады06.06.2023, 13:43 6731Үкіметте жаз мезгілінде су қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды06.06.2023, 13:50 6621Президент ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады
02.06.2023, 10:17 32786Солтүстік Қазақстан облысынан Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді02.06.2023, 16:29 32486Үкіметте полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды02.06.2023, 16:08 319962023 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 12 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді02.06.2023, 15:52 31931Қазақстандық жастар арасындағы лудомания проблемасы талқыланды02.06.2023, 16:20 3192120 миллион теңге пара: елордалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысына қатысты іс сотқа жіберілді
08.05.2023, 22:00 54966"Отан Ана" монументіне гүл шоғын қою рәсімі25.05.2023, 17:37 54921ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты25.05.2023, 17:46 54181Астанада авиация саласындағы шығарындыларды азайту мәселелері талқыланды25.05.2023, 17:25 49071Астанада еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқылануда25.05.2023, 16:33 Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды47456Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды