07.10.2025, 17:20 146011

ҚМА құрылыс саласында 242 млрд теңгеден астам негізсіз шығындардың алдын алды

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Үкімет отырысында құрылыс жобаларына жүргізілген талдау 242,4 млрд теңге негізсіз шығындардың алдын алуға мүмкіндік бергенін хабарлады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Ол бұл өткен жылмен салыстырғанда алты есеге көп екенін атап өтті.

Мұндай нәтижелерге қол жеткізу жобалық-сметалық құжаттамалардағы материалдардың құнын асыра бағалауды анықтауға арналған "AQIQAT" ақпараттық жүйесінің енгізілуінің арқасында мүмкін болып отыр", - деді Қайрат Бижанов.


Баяндамашы жүйенің толыққанды және үздіксіз жұмыс істеуі үшін ҚазҚСҒЗИ анықтамалығына отандық тауар өндірушілер туралы мәліметтер интеграцияланғанын атап айтты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны