29.09.2025, 10:56 1361

Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды

Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды
Сурет: primeminister.kz
Ғани Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

-Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды,- делінген хабарламада.

Ғани Бейсембаевтың еңбек жолы

Алматы облысы Талғар ауданы №14 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары (1989-1995 жж)

Алматы облысы Іле ауданы №12 орта мектебінің директоры (1995-1997 жж)

Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының ғылыми хатшысы, кеңесшісі (1997-2000 жж)

Алматы облысы Қапшағай қаласының білім бөлімін басқарған (2000-2001 жж)

Халықаралық қосымша кәсіби білім беру орталығы" ЖШС директоры (2001-2006 жж)


Алматы технологиялық университеті Техникалық-экономикалық колледжінің директоры (2006-2007 жж)

Edtech-kz" халықаралық білім беру орталығының бас директоры (2007-2020 жж)


Білім және ғылым министрлігі "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры (2020 ж)

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті (2020-2022 жж)

Білім және ғылым вице-министрі (2022 жылғы наурыз-тамыз айлары)

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі (2022 ж. тамыздан бастап)

ҚР Оқу-ағарту министрі (2023 ж. 4 қаңтар)
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны