29.09.2025, 11:01 1836

Оқу-ағарту министрі тағайындалды

Оқу-ағарту министрі тағайындалды
Сурет: ru.wikipedia.org
Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

-Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды,- делінген хабарламада.

Жұлдыз Сүлейменованың еңбек жолы

Алматы Экономика және статистика академиясының Ақтөбе институты оқытушысы, Жастармен іс жөніндегі комитетінің төрайымы, Ақтөбе қ. (2004- 2006)

Нұр Отан" ХДП Ақтөбе облыстық филиалының консультанты, "Жас Отан" Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары (2006)


Ы. Алтынсарин атындағы № 159 көпсалалы гимназияның тарих және құқық пәні мұғалімі, Алматы қ. (2007- 2008)

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің жетекші маманы, проректордың орынбасары, Жастар әкімшілігінің төрағасы, Алматы қ. (2008- 2011)

Халықаралық Бизнес Академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы, Алматы қ. (2011)

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғылыми хатшысы, Алматы қ. (2011- 2012)

Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің аға менеджері, директордың орынбасары, директоры (2012- 2019)

Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры (2019- 2021)

VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік- мәдени даму комитетінің мүшесі, Астана қ. (2021- 2023)

VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (2023 бастап)
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны