08.09.2022, 16:11 26191

Президент сайлауын өткізуге қанша қаражат бөлінеді

Президент сайлауын өткізуге қанша қаражат бөлінеді
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚЫРКҮЙЕК - Үкімет резервінен мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізуге 20 млрд теңгеге жуық, ал парламенттік сайлауға 25 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді. 
 
Бұл туралы Мәжіліс кулуарында қаржы вице-министрі Татьяна Савельева айтты.
 

Президенттік сайлау 2024 жылы жоспарланған және олар 2024 жылға арналған бюджетте қарастырылған. Бірақ, өзгерістер мен жаңа тапсырмаларды ескере отырып, биыл Үкімет резервінен ақша бөлінетін болады. Қазір Орталық сайлау комиссиясы есеп жүргізуде. Бұл шамамен 20 млрд теңге. Парламенттік сайлауға шамамен бірдей шығындар қарастырылған. Бірақ ЕТЖ (ең төменгі жалақы – авт.) келесі жылы 70 мың теңге болатынын ескерсек, шамамен 25 млрд теңге болады", - деп хабарлады Савельева.

 
Оның айтуынша, сайлау шығындарының артуы ең төменгі жалақының өсуіне байланысты, ал сайлауға байланысты барлық шығыстардың 90%-ы сайлау комиссиясы мүшелерінің жалақысы болып табылады. Егер 2019 жылғы сайлау кезінде ЕТЖ 42 500 теңгені құраса, бұл жолы бұл көрсеткіш 60 мың теңгеге жетеді. Сонымен қатар, егер өткен сайлауда 65 мың адам жұмыс істесе, онда олардың саны 70 мыңға дейін артады.
 
Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы күзде кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді ұсынған болатын.
 

Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын", - деді Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында. 

 
Сондай-ақ, ол Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келгенін айтты. 
 

Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ, қайта сайлануға тыйым салынады", - деді ол. 

 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынады.
 
Ақпарат көзі: inbusiness.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны