15.10.2025, 09:57 140056
Президент тапсырмасы бойынша Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға Арнаулы мемлекеттік қордан қаржы бөлінді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында өңірлерде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Жетісу облысындағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға және құрылыс жобаларына 480 млн теңге бөлді.
Жоба бойынша Алакөл ауданының Қоңыр ауылында ұзындығы 17 шақырым су желісін тарту және Қаратал ауданының Ұмтыл ауылында 4,8 шақырым су желісін жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде, мыңнан астам ауыл тұрғыны ауыз сумен қамтылады.
Биыл Жетісу облысында сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту және салу бойынша барлығы 18 жоба жүзеге асырылып жатыр.
2025 жылдың соңына қарай өңірдегі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған ауылдардың үлесін 99,9%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл - 329 ауыл мен шамамен 697 мың облыс тұрғыны.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.11.2025, 19:59 2256
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның биылғы тоғыз айдағы қызметінің есебі және 2026 жылға арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Әлихан Смайылов мемлекеттік аудиторлар жалпы құны 32 триллион теңге болатын 18 ірі тексеру жүргізгенін айтты. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8 триллион теңгеге көп.
Президентке мемлекет пайдасына 112 миллиард теңге өндірілгені туралы мәлімет берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін Үкіметке және аудит нысандарына 96 ұсыным мен 800-ге жуық орындалуға міндетті нұсқама жіберілді. Аудит қорытындысы бойынша 42 материал құқық қорғау органдарына жолданды.
Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның қызметін цифрландыру шеңберінде аудиторлық жұмыстың барлық кезеңдерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе енгізілгенін жеткізді.
Ведомство келесі жылы 40-қа жуық аудиторлық тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, тексеру жұмыстары отандық фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдау, инвестиция тарту, автомобиль жолдарын дамыту, мемлекеттік ақпарат саясаты бағыттарын, "Қазақтелеком" АҚ, "Қазпошта" АҚ және Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетін және тағы басқа мекемелерді қамтиды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудитті жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.11.2025, 13:39 121046
Қазақстанда дәнді және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының рекордтық өнімі жиналды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында 2025 жылғы егін жинау жұмыстарының қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ол аяқталған маусым ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты өсімін көрсеткенін атап өтті.
Биыл тек дәнді дақылдар бойынша ғана емес, сонымен қатар бұршақты және майлы дақылдар сияқты жоғары рентабельді әрі сұранысқа ие дақылдар тұрғысынан да рекордтық жыл болды. Бұл дақылдарға егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде ерекше назар аударылды", деді Айдарбек Сапаров.
Министр бүгінгі күні республика бойынша астық жинау аяқталғанын, 16 млн гектар алқаптан гектарына 17 центнер орташа өнімділікпен 27 млн тонна астық қамбаға құйылғанын атап өтті. Бидай 12,2 млн гектардан жиналып, 20,3 млн тоннасы бастырылды - бұл өткен жылмен салыстырғанда жарты млн тоннаға көп.
Егіс алқаптарын әртараптандыру нәтижесінде бидайдың егіс көлемі шамамен 900 мың гектарға қысқарғанымен, өндіріс көлемі азаймай, керісінше артты. Бұл озық агротехнологиялардың тиімділігін дәлелдейді.
Министрдің сөзінше 4 млн тоннаға жуық арпа жиналған. Бұршақ дақылдарының түсімі алғаш рет 1 млн тоннаға жетті. Майлы дақылдар бойынша бүгінгі күннің өзінде рекордтық 4,3 млн тонна жиналды және егін жинау жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар 2,9 млн тонна картоп, 3,8 млн тонна көкөніс, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Мақта жинау жұмыстары аяқталды. Тамшылатып суаруды қолдану нәтижесінде кейбір шаруашылықтар гектарынан 50 центнерге дейін өнім алды.
Жалпы алғанда, орташа өнімділік 30 ц/га деңгейінде қалыптасып, 428 мың тонна шитті мақта жиналды - бұл өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға көп.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.11.2025, 12:01 121046
2026 жылдан бастап медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер ҚҚС-тан босатылады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттарды қосылған құн салығынан босату жоспарлануда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Үкімет қаулысының тиісті жобасын Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылғы қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін іске асыру шеңберінде әзірледі.
Жобада медициналық қызметтер мен дәрілік заттардың тізбесін бекіту көзделеді, олардың өткізілуі мен импорты ҚҚС-тан босатылады.
Шара сонымен қатар орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге, диагностикалауға, профилактикалауға және оңалтуға қолданылады.
Қаулыны қабылдау:
- ҚҚС ескермей ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге;
- сирек кездесетін және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді қоса алғанда, дәрі-дәрмектерді салықтан босатуға;
- дәрілік заттарды түпкілікті тұтынушыларға өткізгенге дейін оларды әкелуге ҚҚС бойынша жеңілдік белгілеуге мүмкіндік береді.
Бұл шешім пациенттерді қолдауға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. ҚҚС-тан босату медициналық ұйымдар үшін қаржылық жүктемені азайтуға, пациенттер үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге және отандық фармацевтикалық компаниялар үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Бұл ретте жеңілдіктер ТМККК, МӘМС тізбесіне кірмейтін немесе уәкілетті орган бекіткен орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге жатпайтын қызметтер көрсететін жеке медициналық ұйымдарға қолданылмайды.
Бұдан басқа, жеке секторда медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу үшін ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесі - 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% болып белгіленді.
Бұл шешім денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және халықты әлеуметтік қорғауды нығайту жөніндегі кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.11.2025, 19:15 175971
Үкіметте Алматы әуежайын жаңғырту жұмыстарының барысы қаралды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Алматы қаласының әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
TAV Airports Holding бас директоры Серкан Каптан мен Алматы халықаралық әуежайының президенті Гөкер Көсе Horizon компаниясының 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Қазіргі таңда ішкі рейстер терминалын реконструкциялау, мұздан тазартатын заманауи платформасын құру, жақын маңдағы тұрғын үйлерді шудан оқшаулау және басқа да жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы, тұжырымдамада негізгі жолақты толық реконструкциялау арқылы үш ұшу-қону жолағынан тұратын жүйе құру, жүк перронының құрылысы, логистикалық және қойма кешендерін, жолаушыларға арналған заманауи инфрақұрылымды салу және тағы да басқалар көзделген. Жаңғырту жұмыстары 2050 жылға қарай әуежайдың жыл сайынғы өткізу қабілетін 55 млн жолаушыға және 500 мың тонна жүкке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда әуе айлағы жылына 12 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетіп, ҚР-да авиатасымалдау көлемінің 70%-ын қамтамасыз етеді.
TAV Airports Holding басшылығы бүгінгі күнге дейін $260 млн инвестицияланғанын хабарлады және жобаның барлық кезеңінің жедел орындалуы үшін әуежай пайдасын одан әрі қайта инвестициялауға дайын екенін растады.
Олжас Бектенов Алматы қаласының әуежайы Президент тапсырмасымен еліміздің алты қаласында құрылып жатқан біртұтас экожүйе тізбегіне кіретінін атап өтті. Жаңа деңгейдегі инфрақұрылымды құру және әуе айлағының өткізу қабілетін арттыру үшін барлық жұмысты уақтылы аяқтаудың маңыздылығын айтты.
Нысанның қолжетімділігі мәселелерін шешу және азаматтарға қолайлылықты қамтамасыз ету үшін әуежай аумағын айналып өтетін, қалалық автомагистральды, Үлкен Алматы айналма автожолын, жүк кешенін және әуежайға негізгі кіреберісті жылдам шығу мүмкіндігімен байланыстыратын айналма жол салу мәселелері қаралды. Авиаотынды жеткізу мен сақтаудың тұрақты жағдайларын қамтамасыз етуге назар аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр салалық министрліктер мен Алматы қаласы әкімдігіне реконструкциялау жұмыстарының сапалы әрі уақтылы аяқталуын жіті қадағалауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.11.2025, 18:55 176611
Алматы қаласында 4,3 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген
Достарға айту
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Алматы қаласында 4323 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, "Аманат" партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген "Халықпен бірге" жобасы іске асырылуда.
Amanat" партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі - Карта) енгізілген 43 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын осындай объектілердің 20%-ы бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы - Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы - 40%, 2025 жылы - 60%, 2026 жылы - 80%, 2027 жылы - 100%-ы бейімделеді. Қазіргі уақытта ел бойынша 24 216 нысан толықтай бейімделген.
Бүгінгі таңда Алматы қаласында 4323 нысан бейімделді. 2027 жылдың соңына дейін 5611 нысанды бейімдеу жоспарлануда.
Бейімделген нысандардың жалпы санынан мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімділері:
- денсаулық сақтау нысандары- 972;
- білім беру нысандары - 800;
- мәдениет нысандары - 42;
- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар - 115;
- спорт нысандары - 23;
- әлеуметтік қорғау нысандары - 8;
- көлік инфрақұрылымы нысандары - 3;
- ойын-сауық және демалыс орындары - 21;
- қоғамдық тамақтану - 347;
- сауда нысандары менойын-сауық орталықтары - 1 925;
- басқада нысандар - 67.
Нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түскен өтініштерді Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті белгіленген мерзімде қарап, тиісті шаралар қабылдайды. Соның нәтижесінде инфрақұрылым нысандарына қолжетімділік қамтамасыз етілуде", - деп өз пікірін білдірді Алматы қаласының тұрғыны, І топтағы мүгедектігі бар азамат Ұлан Іңкәрбеков.
Биыл Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті ҚР Әлеуметтік кодексінің талаптарының орындалуын тексеру мақсатында 77 тексеріс жүргізді. Оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылды. Атап айтқанда: профилактикалық бақылау аясында - 9, жоспардан тыс - 58, прокуратура органдарының бастамасымен - 10 тексеріс жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде 48 нұсқама берілді. Сондай-ақ жалпы сомасы 5 млн 308,2 мың теңге болатын 13 әкімшілік айыппұл салынды. Бірлескен тексерулердің қорытындысы бойынша прокуратураға 10 қорытынды ұсынылды.
Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, оларды жою туралы нұсқамалар ғана енгізілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.11.2025, 17:16 181671
Жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар 40 миллион теңгеге жуық айыппұл төледі
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда заңсыз лотерея қызметін анықтау мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мониторинг нәтижесінде және жеке тұлғалардан Комитетке келіп түскен өтініштер негізінде биыл 89 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған тұлғаларға ескерту хаттары жолданып, офлайн және онлайн форматтарда түсіндіру кездесулері өткізілді. Әлеуметтік желілерде ұтыс ойындарын өткізген аккаунттардың тізімі министрліктің ресми сайтында жарияланған.
Хаттамамен келіскен жағдайда құқық бұзушылар айыппұлды өз еркімен төлейді, ал келіспеген жағдайда іс сотқа жолданып, сот тәртібімен қаралады.
Еске сала кетсек, ҚР ӘҚБтК 445-1-бабының 6 және 7-бөліктеріне сәйкес, лотерея операторы емес тұлға лотерея өткізетін болса, жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (жеке кәсіпкерлерге) 300 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Бір жыл ішінде осындай құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері жеке тұлғаларға - 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 750 АЕК болып белгіленеді. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтан түскен табыс тәркіленеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.11.2025, 13:05 182551
Қызылорда облысына су жеткізуді жақсарту мақсатында Көксарай су реттегішінен 60 мың текше метр құм мен қиыршық тас шығарылды
Достарға айту
Қазсушар" РМК Түркістан филиалы Көксарай су реттегішінде ауқымды механикалық тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов нысанда болып, жұмыс барысымен танысты. Бүгінгі таңда нысанның жоғарғы және төменгі бөліктерінен 60 мың текше метр құм мен қиыршық тас шығарылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл жұмыстар Көксарай су реттегішінің өткізу мүмкіндігін жақсартып, Қызылорда облысына суды тиімді жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатыр. Тазалауға 28 арнайы техника тартылған. Оның жартысы Қызылорда филиалынан жеткізілген. Жұмыстар желтоқсан айының ортасына, су жібергенге дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
Көксарай су реттегішінің жоғарғы бөлігінде ұзындығы 2,5 шақырым болатын аумақта геомембрана төсеу арқылы сүзілуді азайту жұмыстары да жүргізілуде. Бұл су шығынын азайтып, су реттегіште қосымша 200 млн текше метрге дейін су жинауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстарға 10 арнайы техника жұмылдырылған.
Ведомство басшысы "Қазсушардың" Түркістан филиалына сүзілуді азайту шараларын Көксарай су реттегішінің басқа учаскелерінде де жалғастыруды тапсырды.
Қосымша жұмыстарды орындауға уақыт жеткілікті. Қазір ауа райы қолайлы, сондықтан қосымша бір-екі учаскеде геомембрана төсеуге болады. Министрлік филиалға қажетті техниканы бөлді, барлық материал жеткілікті. Көксарай су реттегішінің кешенді реконструкциясы басталғанға дейін оның жұмыс тиімділігін барынша арттыру қажет", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Көксарай су реттегішінің су жинау тиімділігін ұзақ мерзімге қамтамасыз ету мақсатында "Қазсушар" РМК Түркістан филиалы ұзындығы 36,4 шақырым болатын бөгет учаскесінде 60 700 геошпунт орнату жобасын әзірлеп жатыр. Жоба жүзеге асқан соң, су қоймасы 3 млрд текше метрге дейін су жинай алады. Сондай-ақ реконструкция су тасқынының алдын алып, Солтүстік Аралға жіберілетін судың көлемін арттырады.
Айта кетсек, Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңір тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, вегетация кезеңінің қорытындысын айтты. Ол климаттың өзгеруіне байланысты су ресурстарына деген сұраныс артып келе жатқанын атап өтіп, шаруаларды ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егіс көлемін қысқартуға және су үнемдеу технологияларына көшуге шақырды.
Осы мақсатта былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігі фермерлердің инфрақұрылым тартуға, су үнемдеу жүйелерін сатып алу мен орнатуға жұмсайтын шығындарын өтеу үлесін 50%-дан 80%-ға дейін арттырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.11.2025, 12:09 182106
Қазақстанда жыл басынан бері 26 мыңнан астам веб-сайт бұғатталды
Достарға айту
Тараз қаласында "Криптовалюта платформаларын пайдалана отырып жасалған қылмыстарды анықтау, ашу және тергеу әдістері" тақырыбында форум өтті. Іс-шараға ҚР Ішкі істер министрі Санжар Әділов, Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі министрлігінің баспасөз қызметінен.
Санжар Әділов экономиканы цифрландыру жаңа мүмкіндіктермен қатар жаңа қауіптер де туындататынын атап өтті. Соңғы екі жылда Қазақстанда криптовалютаның айналымына байланысты мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген. Оның 60% - алаяқтық фактілері, 25% - криптовалюта айырбастау пункттерінің заңсыз қызметі, ал 15% - цифрлық активтер арқылы қылмыстық табысты заңдастыру жағдайлары.
Азаматтар мен ұйымдарға келтірілген жалпы залал 8 миллиард теңгеден асты. Министрдің орынбасарының айтуынша, басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп киберқылмыспен күресуге бағытталған жүйелі шаралар кешені іске асырылып жатыр. Антифрод-орталығы құрылып, күдікті интернет-ресурстар мен телефон нөмірлері бұғатталуда.
Биылғы жылдың басынан бері 26 мыңнан астам сайт және 64 миллион күдікті қоңырау бұғатталған. Форум барысында қатысушылар тергеудің практикалық әдістерін талқылап, цифрлық іздерді анықтау тәжірибесімен алмасты, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелерін қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша азаматтарды жаңа киберқауіп түрлерінен қорғауға бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
07.11.2025, 11:04Мемлекет басшысы "Орталық Азия - АҚШ" саммитіне қатысты 07.11.2025, 10:07 29626Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті10.11.2025, 16:55 3286Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады10.11.2025, 18:57 3126Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық падел федерациясының (FIP) президенті Луиджи Карраро мен Premier Padel әлемдік кәсіби турының төрағасы Нассер Бен Ганим Әл-Хелаифиді қабылдады11.11.2025, 11:01 2891Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
15.10.2025, 11:15 221831Ақмола облысынан табылған мамонт сүйегі Ұлттық музейге жеткізілді15.10.2025, 14:08 221381Алматыда Nomad Bazaar-дың ашылуы: "Бір ауыл - бір өнім " жобасының өңірді дамыту жолындағы жаңа қадамы15.10.2025, 15:11 221171Qazaq Air Астанадан Қырғызстан мен Өзбекстанға ұша бастайды16.10.2025, 19:06 188191Бензин мен тариф бағасына мораторий енгізіліп, ипотека көлемі ұлғаяды03.11.2025, 13:05 182116Қызылорда облысына су жеткізуді жақсарту мақсатында Көксарай су реттегішінен 60 мың текше метр құм мен қиыршық тас шығарылды

