02.10.2025, 12:13 142576

ҚР Энергетика министрі ЕЭК-тің энергетика саласындағы интеграция мәселелері жөніндегі Коллегия мүшесімен кездесті

ҚР Энергетика министрі ЕЭК-тің энергетика саласындағы интеграция мәселелері жөніндегі Коллегия мүшесімен кездесті
Сурет: gov.kz
Kazenergy-2025 форумы аясында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің баспасөз қызметінен.

Келіссөз барысында тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың газ, электр энергиясы, мұнай және мұнай өнімдері бойынша ортақ энергетикалық нарық қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Министр Е. Ақкенженов Одақ шеңберіндегі энергетикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан ашықтық пен өзара тиімділік қағидаттарына негізделген іс-қимыл ережелерін дамытуға мүдделі екенін айтты.

Біз ЕЭК-тің күш-жігерін жоғары бағалаймыз және барлық мүше мемлекеттердің мүдделерін құрметтейтін, тең қолжетімділік принциптеріне негізделген ортақ нарық құру бойынша конструктивті жұмыс жүргізуге дайынбыз", - деді министр.


Тараптар ЕЭК аясында мүше мемлекеттердің мүдделерін ескеретін және ЕАЭО аясындағы энергетикалық интеграцияны күшейтуге ықпал ететін теңгерімді шешімдерді әзірлеу мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін мәлемдеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны