29.09.2021, 18:53 24975

ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастық форумында трансшекаралық өзендер суларының сапасын бағалау туралы айтылды

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тексерілген 107 су нысанының 40 өзені мен су қоймасы, су сапасының ең нашар сыныптарына жатқызылды.
НҰР-СҰЛТАН. 29 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылдың 28-30 қыркүйегі аралығында онлайн форматта Қазақстан мен Ресейдің мемлекет басшыларының қатысуымен "Экология және жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық" тақырыбында XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы өтуде. Форум аясында "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясы өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Отырыс барысында "Қазгидромет" РМК мамандары "Жайық және Ертіс өзендері бассейндерінің жер үсті суларының гидрологиялық, гидрохимиялық мониторингі. Жайық және Ертіс трансшекаралық өзендері бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы халықаралық ынтымақтастық" баяндамасын жасады.
 
Осы тұрғыда айта кетсек, Қазақстандағы жер үсті суларының сапасын бағалау нәтижелерін (ал бұл 130 су объектісі: соның ішінде 84 өзен, 29 көл, 13 су қоймасы, 3 арна және 1 теңіз) Қазгидромет тұрақты негізде арнайы әзірленген картада жариялап тұрады: http://ecodata.kz:3838/app_dem_water_visual. Ведомствоның мамандары судың сапасын ластанудың бес сыныбынан тұратын бірыңғай жіктеу жүйесіне сәйкес бағалайды. Ондағы бірінші класс — ең таза су, бесінші — ең лас.
 

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тексерілген 107 су нысанының 40 өзені мен су қоймасы, су сапасының ең нашар сыныптарына жатқызылды. Ал ең нашар объектілердің 33-інде ластанудың жоғары деңгейі байқалды. Оларға Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Түркістан облыстарындағы, Батыс және Шығыс Қазақстандағы 27 өзен, елдің солтүстігі мен оңтүстігіндегі алты су қоймасы жатады. Осылайша осы өзендер мен су қоймаларының суы, суды пайдаланудың кез келген түріне жарамсыз екені атап өтілді", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

 
Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, жер үсті су объектілеріндегі ластаушы заттар — тұз құрамының негізгі иондары, биогендік және органикалық қосылыстар, ауыр металдар, фенолдар, тоқтатылған заттар болып табылады. Осы көрсеткіштер бойынша сапа нормативтерінің асып кетуі, табиғи-климаттық және антропогендік факторларға, тарихи ластануға, әртүрлі шаруашылық бағыттағы кәсіпорындар мен коммуналдық кәсіпорындардың сарқынды суларының ағызылуына байланысты болады.
 
ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісім шеңберінде, "Қазгидромет" РМК су сынамаларын біріге іріктеуді және трансшекаралық өзендерде гидрохимиялық ақпарат алмасуды орындауда. 
 
Аталмыш деректермен алмасу ҚР ЭГТРМ-нің су ресурстары комитеті арқылы Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Қараөзен, Сарыөзен, Қиғаш, Елек, Айет өзендерінің бассейндері бойынша жүзеге асырылады, деп нақтылады "Қазгидромет" РМК.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны