23.07.2025, 10:32 20831

ҚР Президенті медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды

ҚР Президенті медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдайды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге "Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек.

Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны