09.12.2022, 09:49 31306

ҚР Президентінің көмекшісі тағайындалды

ҚР Президентінің көмекшісі тағайындалды
Сурет: akorda.kz
Сондай-ақ Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары тағайындалды

Астана. 9 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің көмекшісін және ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасарын тағайындау туралы Жарлықтарға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын", - делінген Жарлықта.


Сонымен қатар, Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін хабарланғандай, Тоқаев бірқатар елдерге ҚР елшілерін тағайындаған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны