22.07.2025, 09:44 33136

ШҚО диқандары суару маусымының басынан бері 24 млн текше метрден астам су алды

Биыл "Қазсушар" РМК-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы шаруалармен суармалы суды жеткізу бойынша 490-нан астам келісімшарт жасасты. Бүгінгі таңда өңірде 5 815,7 гектар егістік алқапқа су берілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының шаруалары көпжылдық шөптерді шабу жұмыстарымен айналысып жатыр. Сонымен қатар өңірде дәнді дақылдар, көкөністер, картоп, күнбағыс, жүгері, бақша өнімдері, жидектер мен соя өсіріледі.

Филиал 7 жаңа арнайы техника алды, жыл соңына дейін қалған 13 техника жеткізіледі. Жаңа техникалар каналдарды механикалық әдіспен тазарту жұмыстарына пайдаланылып жатыр. Жаңа экскаваторлардың көмегімен ұзындығы шамамен 55,3 шақырым болатын каналдар тазартылды. Қазіргі таңда барлық жұмысшы мен техника суару каналдары мен су жеткізу жұмыстарына жұмылдырылған", - деді "Қазсушар" РМК-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиал директоры Нұржан Әміржанов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны