24.07.2025, 14:03 43586

Шымкент қаласында қайтарылған активтер есебінен ерекше оқытуды қажет ететін оқушылар білім алатын колледж жатақханасының құрылысы жүргізілуде

Шымкент қаласында қайтарылған активтер есебінен ерекше оқытуды қажет ететін оқушылар білім алатын колледж жатақханасының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Бұл әлеуметтік нысан 300-ге жуық сөйлеу және т.б. кемістігі бар оқушыларды заманауи жайлы жатын орынмен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жатақханада оқушыларға қажетті барлық жағдайлар жасалған медицина кабинеті, спортпен жаттығу, тынығу бөлмелері және т.б. Қазіргі уақытта ғимараттың қабырғасын өру жұмыстары жүргізілуде.

Жобаны ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтап, қалалық Білім басқармасына пайдалануға тапсыру жоспарланған.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі мен құрылыс жұмыстарының сапасы бақылауда.

Халықтың өмір сүруін жақсартуға тікелей әсер ететін жайлы жағдай жасау мақсатында қайтарылған активтерді ел игілігіне жұмсау жұмыстары жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны