19.03.2023, 08:09 18871
Тоқаев Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында дауыс берді
Сурет: akorda.kz
Достарға айту
Астана. 19 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.06.2023, 12:54 96
Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді
Форумда қатысушылар климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы, энергетикалық қауіпсіздік және басқа да мәселелерді талқылайды
Достарға айту
Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы аптаға арналған жұмыс жоспары туралы хабарлады.
8 маусымда Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысады.
Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс жолында" атты форумға қатысушылар климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы, энергетикалық қауіпсіздік және басқа да мәселелерді талқылайды.
Мәртебелі қонақтардың қатарында Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Армида Алисджабана, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов және тағы басқалары бар.
Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форум аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2023, 12:45 201
Қазақстанда үлестік қатысуы бар 44 проблемалық нысан бар
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салуды қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев алдағы жылдары 1 млн-нан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты. Қойылған міндетке қол жеткізу үшін 2029 жылдың соңына дейін республика бойынша тұрғын үйді пайдалануға беруді жыл сайын 200 мың шаршы метрге арттыру көзделген. Атап айтқанда, биыл 15,3 млн шаршы метр немесе 143 мыңнан астам пәтерді аяқтау жоспарланып отыр.
Жұмыстарды уақтылы атқару үшін әкімдіктер нақты нысандар мен олардың орындалу мерзімдерін көрсете отырып, жол карталарын бекітті. Министрлік өз кезегінде әрбір пайдалануға берілетін нысанға ай сайын мониторинг жүргізеді. 4 айдың қорытындысы бойынша жалпы республикалық жоспарлы көрсеткіш 19%-ға артығымен орындалды: жоспарланған 3,6 млн шаршы метрдің орнына 4,3 млн шаршы метр - 36,6 мың пәтер салынды.
Сонымен қатар бүгінде республика бойынша үлестік қатысуы бар 44 проблемалық нысан бар. Министрлік үлестік құрылыс мәселелерін реттеу мақсатында ынталандырушы және қатаңдататын түзетулер пакетін дайындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2023, 12:37 316
Президент Ту көтеру рәсіміне қатысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "Атамекен" этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Ең алдымен, Құрмет қарауылы ротасының бастығы рәсімге дайындығы жөнінде Президентке рапорт берді. Содан кейін Мемлекеттік әнұран шырқалып, Көк байрағымыз көтерілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауымды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, олар егемендік пен елдіктің ең басты белгісі екенін атап өтті.
Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз - күллі халқымызға қастерлі нышандар. Біз үшін тәуелсіздік - ең қымбат құндылық, ал туымыздың асқақ желбірегені - аса биік мәртебе. Батыр бабаларымыз сын сағатта әрдайым бір тудың астында жиналған. Бөрілі байрақ күллі түркі жұртын біріктірген. Абылай ханның ақ туы бүкіл қазақтың басын қосқан. Алаш туы арыстарымыздың жігерін жанып, намысын қайраған. Біз бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келеміз. Байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр. Оны ғарышкерлеріміз көк жүзіне көтерді. Альпинистеріміз әлемнің ең биік шыңдарына орнатты. Спортшылар жеңіс тұғырынан желбіретіп, Әнұранымызды шырқатты. Күллі әлем Қазақ елін көк байрағына қарап танитын болды", - деді Мемлекет басшысы.
Президент қастерлі нышандарымызды құрметтеу әрбір азаматтың перзенттік парызы екеніне назар аударып, бүгінгі салтанатты рәсімнің тағылымдық мән-маңызына тоқталды.
Біз асыл құндылықтарымызды аяқ асты етуге жол бермейміз. Биыл мемлекеттік рәміздерді қорлаған адамдарды жазалау шаралары күшейтілді. Түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Отаншылдық мемлекеттік рәміздерді қастерлеуден басталады. Біз ұлттық нышандарымызды ұлықтау арқылы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетеміз. Оларды отансүйгіштік, жасампаздық рухта тәрбиелейміз. Сондықтан бүгінгі салтанатты рәсімнің тағылымдық, тәрбиелік мәні айрықша", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент мемлекеттік рәміздер тарихымызды, өзіндік болмысымызды және халқымыздың жарқын болашаққа ұмтылысын айғақтайтынын атап өтті.
Мемлекеттік рәміздерде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдыретті күш бар. Айтулы мерекелер мен әлемдік дүбірлі спорт сайыстарында жеңіске жеткен кезде жүрегімізде Отанға деген сүйіспеншілік оты лаулап, елімізге деген мақтаныш сезімі пайда болады. Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз - мемлекетіміздің мәртебесі, халқымыздың ар-намысы. Олар алға қарай нық қадам басып, биік мақсаттарға қол жеткізу жолында күш-жігер береді", - деді Президент.
Салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Қазақстан Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды.
Шара соңында Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің Құрмет қарауылы роталары Президент пен жиналған қауым алдынан салтанатты маршпен жүріп өтті.
Ту көтеру рәсіміне Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Әлихан Смайылов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов, мемлекеттік органдар басшылары, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия мүшелері, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2023, 08:13 2306
Тоқаев Орталық Азия елдері мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың басым бағыттарын атап өтті
Сурет: telegram/Aqorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президенттердің Шолпан-Ата қаласында өткен "Орталық Азия - Еуропалық Одақ" форматындағы екінші кездесуіне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіске қарамастан, аймақтық диалогты күшейткеніне ризашылығын білдірді. Оның пікірінше, бұл істе Еуропалық Одақтың атқарған рөлі зор.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Орталық Азия мен ЕуроОдақ арасындағы ынтымақтастықтың перспективасы мол.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Еуропадан Қазақстанға тартылған инвестиция 23 пайызға артып, 12,5 миллиард долларға жетті. Тәуелсіздік жылдарында біз шетелден 350 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тарттық. Оның жартысына жуығы ЕуроОдақ елдеріне тиесілі. Еуропалық Одақ - Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі. Біздің сыртқы саудамыздың 40 пайыздан астамы осы ұйымның үлесіне тиесілі. Былтыр Қазақстанның ЕуроОдақ елдерімен өзара тауар айналымы 40 миллиард долларды құрады. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 миллиард долларға жеткізу үшін бізде барлық мүмкіндік бар деп санаймын", - деді Президент.
Мемлекет басшысы Қазақстанда Shell, Eni, Total, Air Liquide, Alstom, Siemens және басқа да трансұлттық корпорацияларды қоса алғанда, еуропалық капиталдың үлесі бар үш мыңнан астам компания жұмыс істейтінін атап өтті.
Біздің жан-жақты серіктестігіміз сирек кездесетін металдарды және "жасыл" сутегіні өндіру стратегиялық маңызды әрі перспективті салалардағы жаңа келісімдермен нығайып келе жатқанын ерекше атап өткім келеді. Svevind неміс-швед компаниясы Қазақстанда жел және күн электр станцияларын орнататын және үш миллион тонна "жасыл" сутегін өндіретін зауыт құрылысын бастады. Бұл - серпінді жобалардың бірі, сондай-ақ ЕуроОдақтың осы өнімге деген қажеттілігінің шамамен 20 пайызын құрайды. Былтыр қараша айында Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен бірге Тұрақты шикізат, аккумуляторлар және жаңғыртылатын сутектің құнын жасақтау тізбегі бойынша стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойдық", - деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл өңір елдері үшін стратегиялық маңызы бар ынтымақтастықтың басым бағыттарын ұсынды. Президент, ең алдымен, тауар айналымын ұлғайту мәселесіне тоқталды. Оның пікірінше, негізгі міндет - сауда номенклатурасын кеңейту арқылы экспортты ұлғайту.
Қазақстан машина жасау, темір және болат өндірісі, тамақ өнеркәсібі секілді салалар бойынша құны 2,3 миллиард доллар болатын 175 шикізаттық емес тауар түрі бойынша ЕуроОдақ елдеріне экспортты ұлғайтуға дайын. Ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықтың келешегі зор", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесін екінші басымдық ретінде атады. Президенттің пайымынша, қазіргі кезеңде Транскаспий халықаралық көлік бағыты стратегиялық маңызға ие.
Бұл бағыт өңірлеріміз арасындағы қарым-қатынас деңгейін айтарлықтай күшейте алады деп санаймын. Жуырда Қытайға жасаған мемлекеттік сапарымның аясында қытайлық серіктестерімізбен бірге Сиань қаласында логистикалық терминалдың іргетасын қаладық. Бұл порт Орталық Азия территориясы арқылы Еуропаға тікелей контейнерлік пойыздарды жіберу үшін маңызды хаб болмақ. Сондай-ақ біз Транскаспий бағытын Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасымен ұштастыруға уағдаластық", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев энергетикалық ресурстарды Қазақстаннан Еуропаға тасымалдау бағыттарын әртараптандыруға да ерекше назар аударды.
Қазіргі уақытта Еуропаға экспортталатын Қазақстан мұнайының 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы жүзеге асырылады. Ортақ мүддені ескере отырып, стратегиялық тұрғыда маңызды осы құбыр арқылы мұнайдың ұзақ мерзімді және тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету үшін ЕуроОдақ әрі қарай да қолдау көрсете береді сенеміз", - деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы басқа бағыттар бойынша жеткізілетін мұнай экспортының перспективаларын айқындап берді.
Мысалы, биыл жыл басынан бері Қазақстан мұнайын "Ақтау - Баку - Тбилиси - Джейхан" бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна көлемде жөнелту жұмысы басталды. Орта мерзімді перспективада біз "Ақтау - Батуми" бағыты бойынша Транскаспий бағытының құбыры арқылы жөнелту көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге Қазақстан "Дружба" құбыры арқылы Германияға мұнай жеткізу ісін жүзеге асыра бастады. Биыл жыл басынан бері 90 мың тонна көлемінде мұнай жеткізілді. Бұл көрсеткішті 1,2 миллион тоннаға дейін жеткізуге әлеуетіміз жеткілікті және оны келешекте арттыруға мүмкіндігіміз бар", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент климат және "жасыл энергетикаға" көшу салаларындағы өзара іс-әрекетті келесі басымдық ретінде атап өтті.
Біз тұйық циклды экономика қағидаттарын белсенді түрде енгізіп жатырмыз. Еліміздің энергетикалық тепе-теңдік құрылымындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесі қазірдің өзінде 4,5 пайызға жетті. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 15 пайызға жету керек. Біз бұл тұрғыда Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі, су ресурстары, жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері жөніндегі бірлескен күш-жігерді Global Gateway стратегиясы мен Team Europe бастамасын жүзеге асыру аясында жандандыру орынды деп санаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент цифрлық даму туралы айта келе бұл бағытта ынтымақтастық мүмкіндіктері мол екеніне тоқталды.
Биыл наурыз айында Microsoft компаниясы Қазақстанда озық технологияларды тарту орталығына айналатын Мультиөңірлік хаб ашқаны туралы жарияланды. Біз 2025 жылға қарай кемінде 100 мың жоғары білікті IT маман даярлау міндетін қойдық. Сондықтан Еуропа университеттерін Қазақстанда, оның ішінде маңызды өңірлік IT алаңға айналған Astana Hub технопаркі базасында филиалдар ашуға шақырамын. Жалпы, біз цифрландыру саласындағы өз әзірлемелерімізді кеңейтуді және өңірлік деңгейде цифрлық хаб ретінде тәжірибемізді бөлісуді жоспарлап отырмыз", - деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын ілгерілетуде және ауқымды демократиялық өзгерістерді жүзеге асыруда Еуропалық Одақтың көрсеткен қолдауына жоғары баға берді.
Саммит барысында Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишель, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов сөз сөйледі.
Кездесу қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар Бірлескен баспасөз-коммюникесін қабылдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.06.2023, 16:29 28971
Үкіметте полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды
Сурет: Primeminister.kz
Достарға айту
Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте газ-химия өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды, деп мәлім етті ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, полиэтилен өндірісі бойынша интеграцияланған газ-химия кешенін салу жобасы талқыланды. Бұл мәселе бойынша соңғы инвестициялық шешім 2024 жылы қабылдануға тиіс. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, жобаны табысты іске асыру үшін "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" АЭА жұмыс істеу мерзімін ұзарту және жетіспей тұрған сыртқы инфрақұрылымды салу керек.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті органдарға көтерілген мәселелерді шешу жолдарын пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар Үкімет басшысы ҚР заңнамасы аясында шетелдік лицензияланған технологияларды пайдаланатын ірі мұнай-газ химия нысандарын жобалау және салу кезінде халықаралық стандарттарды қолдану мүмкіндігін қарастыру қажеттігі туралы айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.06.2023, 16:20 29201
20 миллион теңге пара: елордалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысына қатысты іс сотқа жіберілді
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауда
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады, ол 2022 жылдың желтоқсанында квазимемлекеттік кәсіпорынға жүргізіліп жатқан тексеру бойынша салықтарды қосымша есептеу сомасын төмендеткені үшін 20 млн теңге көлемінде пара алған, деп мәлім етті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауда.
Қазіргі уақытта Астана қаласының прокуратурасы айыпталушыны сотқа берді.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.06.2023, 16:08 29841
2023 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 12 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету
Сурет: Gov.kz
Достарға айту
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 102 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 12 мыңнан астам адам пайдаланды. Жобаны пилоттық режимде іске асырған сәттен бастап (2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап) мемлекеттік қолдау шаралары ОЦК арқылы 20 мыңнан астам азаматқа тағайындалды.
Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінгі таңда онда Қазақстанның 19,7 млн-нан астам азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.
ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті «электрондық хабарлама» болып табылады.
Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек.
Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы автоматты хабарлама іске асырылды.
Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.
Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.
Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.06.2023, 15:52 30006
Қазақстандық жастар арасындағы лудомания проблемасы талқыланды
Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың жұртшылықты ақпараттық-профилактикалық жұмысқа тарту барысында қолданатын нақты ұсынымдары әзірленді
Достарға айту
Семей қаласында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Inform.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Кеңес отырысында заңсыз ойын бизнесімен күрес және қазақстандық жастар арасындағы лудомания проблемасы талқыланды.
Жиынға кеңес мүшелерімен қатар Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығы, Парламент Мәжілісінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, заңсыз ойын бизнесімен күрес, заңнамалық бағыттағы ұсыныстары, лудоманиядан оңалту мәселесі бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайында айтты.
Ерлан Қарин мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар бірлесіп әрекет еткенде ғана лудоманиямен күрестің тиімді жүзеге асатынын атап өтті. Мемлекеттік кеңесші Кеңес мүшелерін қазақстандық жастардың өзекті проблемаларын тиімді шешу үшін жастар саясаты саласының күн тәртібін қалыптастыруға және оны белсенді іске асыруға шақырды.
Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың жұртшылықты ақпараттық-профилактикалық жұмысқа тарту барысында қолданатын нақты ұсынымдары әзірленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
02.06.2023, 10:17Солтүстік Қазақстан облысынан Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді 02.06.2023, 14:00 30716Тоқаев Қырғызстанға жұмыс сапарымен келді02.06.2023, 15:32 29876Тоқаев Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестіктің басымдылығын атап өтті02.06.2023, 15:41 29611Маңғыстау облысында "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары ұсталды02.06.2023, 15:52 29456Қазақстандық жастар арасындағы лудомания проблемасы талқыланды
25.05.2023, 17:37 54571ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты25.05.2023, 17:46 54111Астанада авиация саласындағы шығарындыларды азайту мәселелері талқыланды08.05.2023, 22:00 51546"Отан Ана" монументіне гүл шоғын қою рәсімі25.05.2023, 17:25 48676Астанада еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқылануда25.05.2023, 16:33 Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды47061Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды