13.06.2022, 16:58 17806

Тоқаев ҚР-ның Ливан мен Германиядағы елшілерін тағайындады

Саясаттанушы Расул Жұмалы Ливандағы Елші, Президент кеңсесінің экс-басшысы Нұрлан Онжанов Германиядағы Елші болды.
Тоқаев ҚР-ның Ливан мен Германиядағы елшілерін тағайындады
Сурет: rus.azattyq-ruhy.kz
НҰР-СҰЛТАН. 13 МАУСЫМ - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ливан мен Германиядағы елшілерін тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Расул Берекетұлы Жұмалы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлық мәтінінде.

 
Расул Жұмалы - белгілі қазақстандық саясаттанушы және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.
 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы лауазымынан босатылды. Бұл лауазымда ол бүгін қызметінен босатылған Дәурен Кәріповтің орнына келді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны