25.01.2023, 14:09 19341

Тоқаев ҚР Сот әкімшілігін құру туралы Жарлыққа қол қойды

Тоқаев ҚР Сот әкімшілігін құру туралы Жарлыққа қол қойды
Сурет: pexels.com
Сот әкімшілігі ҚР сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып есептеледі

Астана. 25 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа енгізілген өзгерістер туралы құжатқа қол қойды.

Оған сәйкес, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Сот әкімшілігі болып қайта құрылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот әкімшілігінің міндеттері:

- Сот әкімшілігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жетілдіру;

- Сот төрелігін толық және тәуелсіз іске асыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар жасау;

- Сот жүйесі мен Соттардың қызметін жетілдіруге бағытталған жүйелі реформаларды әзірлеу.

Сот әкімшілігі ҚР Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып есептеледі", - делінген құжатта.


Бұған дейін Қазақстанда Конституциялық сот өз жұмысын бастағаны хабарланған болатын. Онда кейбір нормативтік-құқықтық актілер конституциялық құқықтарын бұзады деп есептейтін азаматтардың өтініштері қаралатын болады.

Ақпарат көзі: zakon.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны