24.01.2025, 11:41 40636
Қазақстанның екі қаласында экстремистік топтың мүшелері ұсталды
Достарға айту
Ағымдағы жылғы 22 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада және Ақмола облысының Қосшы қаласында прокуратура органдарының үйлестіруімен 4 Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.
Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деп күдіктелуде.
Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.02.2025, 11:21 12516
Екібастұзда полиция 18 млн теңгенің вейпін тәркіледі
Достарға айту
Екібастұзда полиция 18 млн теңгенің вейпін тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұзда электронды темекінің заңсыз айналымы тоқтатылып, 2500-ге жуық вейп тәркіленді.
Полицейлер тауарды Шешембеков көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінен тауып алды. Заңсыз тауардың партиясы кейіннен сатуға арналған. Күдікті танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің арналарын қолдана отырып, интернет-дүкен арқылы вейптерді сатуды жүзеге асырды. Электронды темекіні заңсыз сатып, таратты деген күдікпен 20 жастағы азамат полицияға жеткізілді.
Қазіргі уақытта темекі шекпейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Павлодар облысының полиция департаменті.
Полиция 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда никотинді (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енгенін еске салады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 10:37 13176
Жамбыл облысының прокурорларымен ауыр қылмысты жасыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Достарға айту
Жамбыл облысының прокурорларымен ауыр қылмысты жасыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес Жамбыл облысының прокуратурасы қылмыстық қудалау органдарында есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуына ерекше назар аударады.
Мәселен, прокуратурамен Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігімен ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қылмысты жасыру аудан аумағында орын алған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған.
Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру).
Күдікті полиция қызметкері ҚПК-нің 128-131-баптарының тәртібімен ұсталып, оған қатысты сотпен "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 10:13 13811
Жамбыл облысының прокурорларымен ауыр қылмысты жасыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Достарға айту
Жамбыл облысының прокурорларымен ауыр қылмысты жасыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес Жамбыл облысының прокуратурасы қылмыстық қудалау органдарында есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуына ерекше назар аударады.
Мәселен, прокуратурамен Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігімен ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қылмысты жасыру аудан аумағында орын алған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған.
Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру).
Күдікті полиция қызметкері ҚПК-нің 128-131-баптарының тәртібімен ұсталып, оған қатысты сотпен "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.
Прокуратура құқық бұзушылықтарды тіркеу кезінде есепке алу-тіркеу тәртібін сақтаудың маңыздылығына баса назар аударады және қылмысты есептен жасыру үшін 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін ескертеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 09:57 14046
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды
Достарға айту
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
А.ж. 30 қаңтарында Талдықорған қаласы сотының шешімімен олар Қылмыстық кодекстің 205-бабының 2-бөлігінде және 208-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға сотталды.
Тергеу барысында медициналық қызметкерлердің тіркелгілерін заңсыз иемдену арқылы олардың ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Тіркелген халық тізілімі" және "Damumed" ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені анықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2025, 16:41 56771
БҚО прокуратурасы 5,4 млрд теңге сомасына мемлекеттік сатып алу бәсекелестігін қалпына келтіріп, заң бұзушылықтың алдын алды
Достарға айту
БҚО прокуратурасы 5,4 млрд теңге сомасына мемлекеттік сатып алу бәсекелестігін қалпына келтіріп, заң бұзушылықтың алдын алды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 15 қаңтарда Орал қаласының әкімдігі жалпы сомасы 5,357 млрд теңгеге қаланың көше-жол желісін ұстауға және санитарлық тазалауға 2 ашық конкурс жариялады.
Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі туралы негізсіз талап қойылып, мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзылуына және бәсекелестікті шектеуге жол берілген.
Облыс прокуратурасының наразылығы бойынша конкурстардың күші жойылды.
Атап өту қажет, 2024 жылы қаланы күтіп ұстау бойынша осындай жұмыстар облыс прокуратурасымен талданған болатын.
Монополиялық жағдай жасай отырып, бір өнім беруші 6 млрд теңгеден астам қаражатты игергені анықталды.
Прокуратураның талабы бойынша БҚО Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментімен жүргізілген тергеу барысында Орал қаласының ТҮКШ бөлімі тарапынан бәсекелестікке қарсы іс-қимыл фактілері расталды.
Қорытындысы бойынша орган тиісті шаралар қабылдады (заңнама бұзушылықтардын жою туралы ұйғарым енгізілді және ТҮКШ бөлімінің басшысына 150 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл салынды).
Облыс прокуратурасы қадағалау қызметі шеңберінде мемлекеттік сатып алу және бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2025, 16:16 56991
Қызылордада такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі күдікті құрықталды
Достарға айту
Қызылордада такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі күдікті құрықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері такси жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні анықтап, қолға түсірді.
Белгілі болғандай, қаскүнемдер такси тоқтатып, өздерін қала орталығына апарып тастауын сұраған. Жүргізуші оларды айтылған жерге бағыт алған уақытта автокөлік салонының артында отырған біреуі оны ұрып-соққан.
Жүргізушінің телефонын, қолда бар ақшасын тартып алып, далаға лақтырып кеткен. Өздері автокөлікті қала сыртына тастап, оқиға орнынан "іздерін суытқан".
Қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы жоспар енгізілді.
Нәтижесінде полицейлер Шымкент қаласының жедел қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іс-шара жұмыстарын жүргізу барысында екі күдіктіні ұстады. Олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты.
Күдіктілер қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2025, 16:13 57176
Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталды
Достарға айту
Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда арнайы іс-шараның нәтижесінде полиция қызметкерлері ҰҚКД жергілікті қызметкерлерінің көмегімен синтетикалық психотроптық заттарды бірнеше рет сатты деген күдікпен 30 жастағы әйелді ұстады.
Күдіктіні жеке тінту барысында құрамында ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ зат салынған 44 байлам табылып, тәркіленді. Ал ұсталған азаматшаның көлігінен есірткіні орау және бөлшек саудада сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар кокаин және мефедрон болып шықты. Жалпы салмағы шамамен 400 грамм. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медеу аудандық полиция басқармасы есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады", - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2025, 16:06 57371
Қазақстанға 500 мыңнан астам қорап контрабандалық темекі тасымалдау әрекетінің жолын кесілді
Достарға айту
Ағымдағы жылғы 5 ақпанында Жамбыл облысы Қарасу елді мекенінде ҰҚК шекара жасағы темекінің ірі партиясын (535 мыңнан астам қорап) тасымалдау әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен.
Темекі бұйымдары көрші елден Қазақстанға ілеспе құжаттарысыз жеткізіліп тұрған.
Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 187 млн теңгеден асады.
Әрі қарай қаралуы үшін жүк тиісті органға берілді.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.02.2025, 09:43Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың мерзімі бірнеше есе қысқартылды 10.02.2025, 10:15 20406Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілді10.02.2025, 11:23 18921Қазақстанда ауыр қылмыстар саны айтарлықтай төмендеді - ІІМ10.02.2025, 11:25 18896Астанада 11-15 ақпан аралығында "Жұмысшы мамандықтар қаласы" атты бірегей интерактивті көрме өтеді10.02.2025, 09:57 13561Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды
06.02.2025, 17:46 113501Түркістан облысында "Ауыл аманаты" және "Ауыл - Ел бесігі" жобаларын біріктіру мәселесі талқыланды06.02.2025, 17:43 112426Алматы облысының әкімі Балқаш ауданына жұмыс сапарымен барды07.02.2025, 16:21 102836Алматы қуыршақ театры Канадада Халықаралық фестивальде Гран-при жеңді07.02.2025, 16:23 102651Астанада қауіпті жарнамалар жойылып жатыр07.02.2025, 16:26 102441Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды
24.01.2025, 16:38 134586Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 131826Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 131521Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 128861Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда30.01.2025, 18:56 121376Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады