30.03.2026, 11:54 376

Есірткімен күрес: жыл басынан бері қанша қылмыс тіркелді

Есірткімен күрес: жыл басынан бері қанша қылмыс тіркелді
Сурет: ҚР ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарының заңсыз айналымымен күрес бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.

Жыл басынан бері есірткі жеткізудің 11 халықаралық және 3 өңірлік арнасының жолы кесілді, 5 жасырын зертхананың қызметі залалсыздандырылды.

Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде есірткіге қарсы 10 халықаралық операция жүргізілді.

Нәтижесінде шамамен 240 кг есірткі тәркіленді, оның ішінде 3,1 кг героин, 8 кг метамфетамин, 53,5 кг апиын, 74,2 кг гашиш, 80,9 кг марихуана және 19,3 кг психотроптық заттар, сондай-ақ 3 тоннадан астам прекурсорлар бар.

Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен 43 ҚР азаматы және 8 шетелдік ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны