11.11.2022, 14:08 15996

Жыл басынан бері Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдер 20%-ға қымбаттады

Өткен аптада бірінші санаттағы жұмыртқа 1,6%-ға, пияз 0,7%-ға және орамжапырақ 0,6%-ға қымбаттады.
Жыл басынан бері Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдер 20%-ға қымбаттады
Астана. 11 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, жыл басынан бері 20,7 %-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
 
Жылдық мәнде олар 20,2%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайыздық тармаққа жоғары.
 
Ведомствоның ақпараты бойынша, өткен апта ішінде сәбіз 0,7%-ға және қант 0,2%-ға арзандады. Осы кезеңде бірінші санаттағы жұмыртқа 1,6%-ға, пияз 0,7%-ға және орамжапырақ 0,6%-ға қымбаттады.
 
Сонымен қатар, ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2022 жылғы 8 қарашаға/:
 
  • Рожки – 294 тг/кг;
  • Сиыр еті, жауырын-төс бөлігі – 2279 тг/кг;
  • Айран 2,5% – 349 тг/литр.
 
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.
 
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Үкімет пен Ұлттық Банктің инфляцияны тежеу жөніндегі жұмысын сынға алған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны