03.02.2023, 13:13 72346

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің ең төменгі көтерме бағасы белгіленеді

Тиісті тәртіпті ҚР СИМ Сауда комитеті әзірледі
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің ең төменгі көтерме бағасы белгіленеді
Астана. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда Қазақстан Республикасында өндірілетін, әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме бағалар енгізіледі. Тиісті тәртіпті ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті әзірледі, деп хабарлайды Ашық НҚА сайты.

Тәртіпте сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықты қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгілі бір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бойынша бір жыл ішінде күнтізбелік тоқсан күнге дейінгі мерзімге ЕТКБ белгілейтіні айтылған.

Өтінім берушінің өтініші және мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша уәкілетті орган жүргізетін бағаларды салыстырмалы талдау нәтижесі ЕТКБ белгілеу үшін негіз болып табылады", - делінген құжатта.


Өтініш келесі ақпаратты қамтиды:

  1. өтініш беруші туралы, өтініш берілген күннің алдындағы бір жыл ішінде экономика саласындағы ӘМАТ-ның сандық және құндық көрінісіндегі өндіріс көлемі, сондай-ақ өтінішті қолдаған өндірушілердің ӘМАТ-ның сандық және құндық көрінісіндегі өндіріс көлемі және олардың Қазақстан Республикасындағы өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі туралы мәліметтер;
  2. ЕТКБ белгілеу ұсынылатын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін, әкелінетін және (немесе) өткізілетін ӘМАТ-тың сипаттамасы мен көлемі;
  3. Қазақстан Республикасында ӘМАТ өндірісінің елеулі бөлігін, бірақ жалпы көлемінің кемінде елу пайызын өндіретін ӘМАТ өндірушілерінің өтінішке қосылуы туралы құжаттар;
  4. ұқсас немесе тікелей бәсекелес ӘМАТ импортталатын бағасы және олардың құны туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасының аумағында әкелінетін және өткізілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес ӘМАТ салдарынан экономика саласына материалдық залалдың немесе оның келтірілу қаупінің болуының негіздемесі, сондай-ақ ЕТКБ мөлшері мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, оны енгізу туралы ұсыныс.

Қазақстан Республикасының аумағында әкелінетін және (немесе) өткізілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес ӘМАТ салдарынан экономика саласына материалдық залалдың немесе оның келтірілу қаупінің болуының негіздемесі экономика саласының экономикалық жағдайын сипаттайтын объективті фактілерге негізделуге тиіс және статистикалық деректерге (оның ішінде ӘМАТ өндірісінің көлемі және оны өткізу, Қазақстан Республикасының нарығындағы үлесі туралы деректер, өндірістің өзіндік құны, бағасы, өндірістік қуаттардың жүктелу дәрежесі, еңбек өнімділігінің жұмыспен қамтылуы, пайда мөлшері, өндірістің тиімділігі, экономика саласына инвестициялар көлемі) сәйкес өтініштер берілген күннің алдындағы жылдық кезең үшін сандық және (немесе) құндық көрсеткіштерде көрсетілуге тиіс.

ЕТКБ өндірісте пайдалану үшін ғана арналған, оның ішінде "еркін қойма" рәсімі бойынша әкелінетін өнеркәсіптік қайта өңдеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін ӘМАТ-қа қолданылмайды.

Комитетте атап өткендей, жобаны қабылдау ішкі нарықты қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құжат 17 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Анықтама үшін:

Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді: ұн, нан, рожки (макарон), жұмыртқа, қарақұмық жармасы, күріш, қант, күнбағыс майы және сары май, сиыр еті, тауық еті, сүт, айран, сүзбе, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат және тұз.

Бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы бір жылда 23,4%-ға өскені хабарланған болатын. Сарапшылар 2023 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасын келтірді: қарақұмық жармасы - 500 тг/кг; өсімдік майы - 905 тг/л; рожки - 306 тг/кг.

Қазақстанда бір айлық мәнде тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қаңтарда 1,1% құрады. Өткен айда азық-түлік тауарлары - 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% өсті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны