03.05.2022, 16:05 18721

Қазақстанда Қырғызстаннан майнинг құрал-жабдығын жалған транзиттеу фактілері жиілеп кетті

Қазақстанда Қырғызстаннан майнинг құрал-жабдығын жалған транзиттеу фактілері жиілеп кетті
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 3 МАМЫР - Қазақстанда бұзушылықтар айтарлықтай өсті және Қырғыз Республикасынан құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасы арқылы Ресей Федерациясына транзитпен өтуге тиісті майнинг құрал-жабдықтары мен электронды темекілерді әкелу фактілері жиілеп кетті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚМ Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ағымдағы жылдың сәуір айында майнинг құрал-жабдықтары бойынша жалған транзитінің 6 фактісі анықталды, яғни транзит деп мәлімделген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында қалған", - деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде.

 
Сонымен қатар, ведомствода 2022 жылғы 28 сәуірде Қырғыз Республикасынан келе жатқан жүк көлігінен тақырыптық салық тексеруі кезінде Беларусь Республикасының 1,1 млн жалған акциздік маркалары анықталғанын хабарлады.
 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың болуына байланысты бұл іс бойынша материалдар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
 

Сондай-ақ, аталған көліктен 2 мыңнан астам декларацияланбаған тауарлар (бейнебақылау жүйесі, киім-кешек және спорттық құрал-жабдықтар) табылды", - деп нақтылады баспасөз қызметі.

 
МКК-де кәсіпкерлік субъектілерінің мұндай әрекеттері ЕАЭО-дағы серіктес елдердің бюджетіне зиян келтіретінін, сондықтан бақылау күшейтілетіндігін айтты.
 
Бұған дейін ҚР Президенті Энергетика министрлігі мен Қаржылық мониторинг агенттігіне Қазақстанда заңсыз майнинг мәселесін түпкілікті шешуді тапсырған болатын. Ол барлық майнингтік фермаларын анықтап, салық және кеден мәселелерін тексеруді, сонымен бірге техникалық шарттар алынған келісім-шарттарды, сондай-ақ қызметтің басқа да аспектілерін мұқият зерделеуді тапсырды. 
 
ҚР Энергетика министрлігі цифрлық майнинг нарығын реттеу бойынша бірқатар шараларды ұсынды, соның ішінде майнингтің жаңа субъектілерін қосуға мораторий енгізу. 
 
Энергетика министрі Болат Ақшолақов цифрлық майнингті электр энергиясы тапшылығының негізгі себебі деп атады
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны