22.11.2022, 14:47 11486

Қазақстандықтардың шығындарының жартысынан астамы - азық-түлік тауарлары

Қазақстандықтардың шығындарының жартысынан астамы - азық-түлік тауарлары
Астана. 22 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстандықтардың шығындарының жартысынан көбі азық-түлік тауарларына тиесілі, деп хабарлайды "Атамекен" талдау қызметінің телеграм-арнасы.
 

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, халықтың жалпы шығындарындағы азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығыстардың үлесі 2015 жылғы 44,7%-дан ағымдағы жылдың екінші тоқсанының қорытындылары бойынша 51,4%-ға дейін өсті", - деп хабарлайды "Атамекен" талдау қызметінің телеграм-арнасы.

 
Бұл көрсеткіштің өсуіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі - азық-түлік тауарларының бағасы қазақстандықтардың нақты жалақысына қарағанда тез өсуде. Мәселен, 2022 жылдың екінші тоқсанының соңындағы жағдай бойынша, азық-түлік бағасының өсуі 18,7%-ды, ал жалақының өсуі 8,9%-ды құрады.
 
Сондай-ақ, қазақстандықтардың қалауында аздаған өзгерістер байқалады. Орташа азаматтың рационында ет (айына +0,8 келі), сүт өнімдері (+0,8 келі), қант, тәттілер мен жемістер (+0,2 келі) көп болды.
 

Бұл ретте көкөніс (-0,8 келі), май және тоң май (-0,2 келі) тұтынудың төмендеуі байқалады.
 
Бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдер жыл басынан бері 20%-ға қымбаттағаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны