12.01.2022, 12:57 34316

Тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын көлемі 103,7 млрд теңгеге жетті

102 млрд Алматыға тиесілі.
Тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын көлемі 103,7 млрд теңгеге жетті
Сурет: facebook-Anastasia Romanova
НҰР-СҰЛТАН. 12 ҚАҢТАР - 12 қаңтардағы деректер бойынша, шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 102,2 млрд теңге), деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Елдің 11 өңірінде 1 885 нысанда орналасқан 1 615 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1 771 нысанда орналасқан 1 506 субъект.
 

Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1 482; қоғамдық тамақтану – 44; қаржы секторы – 61; логистика – 23; БАҚ – 5", - деп нақтылады "Атамекен" ҰКП-да.

 
Байланыс орталығына 4 833 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1 988, форс-мажор – 246, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1 946. Өңірлік палаталарға форс-мажор туралы куәлік бойынша 370 қоңырау және 43 өтініш келіп түсті.
 

"Атамекен" келтірілген залалды бағалау және дәлелдеу үшін өз объектілерін суретке түсіруге және бейнетіркеуге шақырады. Сондай-ақ, өз нысандарыңыз және келтірілген залал туралы деректерді біздің call-орталығымызда 1432 нөмірі бойынша қалдыруыңызды сұраймыз. Барлық деректер зардап шеккен бизнес тізіліміне енгізіледі", - деп толықтырды баспасөз қызметі.


Бұған дейін хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағалауы бойынша, мемлекетке алдын ала экономикалық залал 2-3 млрд долларды құрауы мүмкін.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны