12.04.2023, 13:09 22776

Теңгенің әлсіреу себептері туралы Ұлттық Банк хабарлады

Теңгенің әлсіреу себептері туралы Ұлттық Банк хабарлады
Ұлттық валютаның әлсіреуі АҚШ пен Еуропаның банк секторындағы жағдайдың нашарлауы аясында, сондай-ақ мұнай бағасының төмендеуіне байланысты болды

Астана. 12 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Наурыз айында сыртқы нарықтардың серпініне әсер еткен негізгі оқиғалар туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтып берді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
 

Бір ай ішінде ішкі валюта нарығында АҚШ пен Еуропаның банк секторында ахуалдың нашарлауына байланысты нарыққа қатысушылардың сентименті нашарлап, мұнай бағасы төмендеді. Құбылмалылықтың өршуі осыған байланысты болды", - деді Молдабекова.

 
Оның айтуынша, Ұлттық Банк ішкі және сыртқы нарықтағы жағдайды мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда валюталық интервенциялар жүргізуге дайын екендігін хабарлады. Алайда, ахуал жаңа жағдайларға тез бейімделді, сондықтан біздің араласуымызды қажет етпеді.
 

Айдың қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 452,7 теңгеге дейін 1,6%-ға әлсіреді. Бір ай ішінде квазимемлекеттік сектор компанияларының валюталық түсімдерін сатуы және бюджетке трансферттер бөлу аясында Ұлттық қордағы активтердің бір бөлігін конвертациялау - теңгеге қолдау көрсетті", - делінген ақпаратта.

 
Квазимемлекеттік компаниялардың сауда-саттығы 253 млн АҚШ долларына шықты. Ұлттық қордан жүзеге асырылған сатылым 721 млн АҚШ долларына теңесті. Бұл біз болжаған 750-800 млн АҚШ долларлық мәннен бішама аз. Алайда, бұған дейін мен теңгедегі шотқа түскен түсімдер бойынша нақты және болжамды деректер арасындағы айырмашылыққа немесе Қаржы министрлігі тарапынан шығарылған түзетулерге байланысты мұндай жағай туындауы мүмкін екенін айтқан едім. Сәуірде қолда бар жоспарлы бағдарға сәйкес күтілетін сату көлемі 550-650 млн АҚШ долларын құрайды.
 
Зейнетақы активтері үшін валюта сатып алу 232 млн АҚШ долларын құрады. Сәуірде мұндай сатып алу көлемі 200-250 млн АҚШ доллары көлемінде болады деп күтілуде.
 
Ұлттық Банк төрағасы орынбасарының айтуынша, өткен айда сыртқы нарықтардың жағдайы қарқындап дамыды.
 

АҚШ пен Еуроаймақтағы банк жүйесінің орнықтылыққа байланысты тәуекелдері құбылмалылықты күшейтіп, жаһандық инвесторларды тәуекелден бас тартуға итермеледі. Реттеушілер мен орталық банктер тез әрекет жасап, нарықта қалыпты жай-күйді қалпына келтіруге үлес қосты", - деді Молдабекова.

 
Оның айтуынша, Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 1,05 млрд АҚШ долларына ұлғайып, наурыз айының соңында 58,4 млрд АҚШ долларын құрады.
 
Сондай-ақ, Молдабекова сәуір басында ОПЕК+ бағаның тұрақтылығын сақтап, әлемдік нарықта артық ұсынысты жою үшін мұнай өндіруді тәулігіне 1,66 миллион баррельге қысқартуды 2023 жылдың мамыр айынан бастап жыл соңына дейін қолдану туралы күтпеген шешім қабылдағанын еске салды.
 

Осыған байланысты мұнайға баға белгілеу баррель үшін 85 АҚШ доллары деңгейіне дейін көтерілді", - деді ол.

 
Наурыз айының қорытындысы бойынша, алтын-валюта резервтері 1,6 млрд АҚШ долларына ұлғайды және 36,1 млрд АҚШ долларын құрады.
 

Резервтердің ұлғаюы көбінесе бір айда 1810,20-дан 1978,80-ге дейін 9,3%-ға өскен алтын бағасының өсіміне байланысты болып отыр. Бағалы металға деген сұраныстың артуынан, оның ішінде инвесторлардың АҚШ пен Еуропадағы банктердің банкроттығына қатысты қауіптен туындады. Қазіргі уақытта банк секторындағы жағдай қалыпқа келгенімен, алтынның бағасы АҚШ ФРЖ саясатының "кері бұрылуы" мен мөлшерлемені төмендету циклінің басталуы туралы күтулерге байланысты әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Алтын бағасының өсуінен болған оң әсер ЕДБ қаражатының Ұлттық Банктегі валюта шоттарынан әкетілуімен ішінара теңестірілді", - деді Молдабекова.

 
Сонымен бірге, Ұлттық қорға түскен валюталық түсімдер активтердің өсуіне ықпал етті. Олардың мөлшері наурызда шамамен 300 млн АҚШ долларын құрады. Өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 473 млрд теңге аударылды. Осы мақсатта ішкі валюта нарығында 721 млн АҚШ долларына активтер сатылды.
 
Молдабекова сондай-ақ қаржы нарықтарындағы ахуалды одан әрі дамыту перспективалары туралы айтты.
 

Кейбір сарапшылар қазіргі уақытта АҚШ пен Еуроаймақтың банк секторындағы күйзелістердің салдары туралы айтуға әлі ерте екенін айтады. Сонымен қатар, бұл банк секторының қарыз беру рәсімін біртіндеп күшейткендей жағдайды туғызуы мүмкін", - деді Ұлттық Банк төрағасының орынбасары.

 
Егер қаржылық дағдарыстың салдары қолайсыз болып шықса, онда АҚШ долларының индексі өзінің демеуші валюта сипаттамасын көрсете отырып нығаюы мүмкін.
 
Мұнай нарығында ОПЕК+ шешімі қара алтынның күрт қымбаттауына себеп болды. Бұл өз кезегінде талдаушыларға Brent бағасы бойынша өз болжамдарын қайта қарауға әсер етті. Сонымен, Goldman Sachs желтоқсанда Brent маркалы мұнай барреліне 5 долларға артып, 95$ дейін көтеріледі деген болжам беріп отыр. Кейбір сарапшылар осы жазда мұнай бағасы барреліне 110 долларға жетеді деп күтеді. Жалпы, талдаушылар алдағы тоқсанда мұнай бағасы барреліне $75-$123 аралығында, орташа 85 АҚШ доллары деңгейінде болады деген болжам айтады.
 
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында теңге 1,6%-ға әлсіреді. Бағам АҚШ доллары үшін 452,7 теңгені құрады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны