01.04.2022, 20:21 24361

"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы басқарушы директоры 13 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілінді

"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы басқарушы директоры 13 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Сурет: pexels
НҰР-СҰЛТАН. 1 СӘУІР - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 13 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы басқарушы директорын ұстады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ол "Жасыл Даму" АҚ ("ӨКМ Операторы" ЖШС құқықтық мирасқоры) тұлғасында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіре отырып, істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы "RecyclingCompany" ЖШС-не заңсыз түрде қайта тіркеп, 13 млрд.теңгеден астам сомада сеніп тапсырылған ақша қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.
 
Қылмыстық әрекеттер 2016-2019 жылдар аралығында "ӨКМ Операторы" ЖШС басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалды.
 
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Оның іс-әрекеттеріне қорытынды құқықтық бағалауды сот береді.
 
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 
11 наурызда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы 2016 - 2021 жылдар кезеңінде кәсіпорынның 20 млрд теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағаны белгілі болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны