05.11.2021, 18:01 30283
Азаматтарға 34 млн теңге көлемінде залал келтірген қазақстандық Германиядан экстрадицияланды
Сурет: ашық көздерден
Достарға айту
"Шәріпов Еуроодақ елдерінде (Литва, Норвегия, Германия, Дания, Финляндия) жұмысқа орналасу сылтауымен жеке кәсіпкер болып жұмыс істей отырып, Қазақстан азаматтарына ірі залал келтірді деп күдіктенеді. Оның қылмыстық әрекетінен 60-тан астам зардап шегушіге келтірілген залал сомасы 34 млн теңгені құрайды", - деп хабарлады Бас прокуратура.
Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды.
Қазіргі уақытта А.Қ. Шәріпов Нұр-Cұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.08.2026, 10:12 2321
Қазақстанның екі өңірінде аптап ыстық салдарынан орман өрті шықты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Аптап ыстық салдарынан Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.
"Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде барлық өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді", - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, өртті сөндіруге РМҚК "Қазавиаорманқорғау" кәсіпорнының әуе өрт сөндіру десантшылары, сондай-ақ мемлекеттік орман күзетінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
"Елімізде аптап ыстық пен найзағайлы фронттардың сақталуына байланысты өрт қаупі жоғары деңгейде қалып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік орман күзеті мен РМҚК "Қазавиаорманқорғау" күштері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Әуе және жерүсті патрульдеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде",- деп мәлім етті мекемеден.
Бұған дейін "Семей орманы" аумағында екі орман өрті шыққан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.08.2026, 17:18 15126
Семей өңіріндегі орман өртін сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылды
Қаржыландырудың ең жоғары көлемі Шығыс Қазақстан облысына бағытталып, 5,05 млрд теңгені құрады
Достарға айту
ҚР Президентінің "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы аясында, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен "Жасыл даму" АҚ 2024 жылдан бүгінгі күнге дейін мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, орман резерваттарын, қорықтар мен орман шаруашылығы мекемелерін заманауи арнайы техникамен қамтамасыз етуге кәдеге жарату төлемдері есебінен 33 121 711 000 теңге бағыттады, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Осы кезеңде табиғат қорғау ұйымдары үшін орман және дала өрттерінің алдын алуға әрі оларды жедел сөндіруге арналған 1 006 бірлік заманауи арнайы техника сатып алынды. Олардың қатарында өрт сөндіру автоцистерналары, жол талғамайтын автокөліктер, түрлі үлгідегі тракторлар және орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауға қажетті өзге де арнайы техникалар бар.
Табиғат қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту олардың өрт қаупі жоғары кезеңге дайындығын арттыруға, өрт ошақтарына ден қою уақытын қысқартуға және табиғи өрттермен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Қаржыландырудың ең жоғары көлемі мына өңірлерге бағытталды:
- Шығыс Қазақстан облысы - 5,05 млрд теңге, 148 бірлік техника;
- Ақмола облысы - 4,94 млрд теңге, 160 бірлік техника;
- Павлодар облысы - 4,44 млрд теңге, 136 бірлік техника;
- Қостанай облысы - 4,10 млрд теңге, 112 бірлік техника;
- Абай облысы - 3,34 млрд теңге, 82 бірлік техника;
- Солтүстік Қазақстан облысы - 3,31 млрд теңге, 107 бірлік техника.
Бүгінде жеткізілген техника еліміздің барлық өңіріндегі табиғат қорғау мекемелерінде белсенді пайдаланылып келеді. Ол өрт сөндіру бөлімшелерін өрт ошақтарына жедел жеткізуге, аумақтарды патрульдеуге, сондай-ақ орман өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі өзге де жұмыстарды тиімді орындауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.07.2026, 14:25 30606
СІМ Сербияда Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сербияда Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Қазақстанның Сербиядағы Елшілігі жергілікті құзыретті органдармен бірлесе отырып оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ, қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста болып, оларға жан-жақты консулдық-құқықтық қолдау көрсетуде. Бұл мәселе министрліктің бақылауында", - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.
Бұған дейін Белградта Қазақстан азаматының қаза тапқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын. Марқұмның туыстары қайғылы оқиғаның мән-жайын жан-жақты тергеуді талап етіп, болған жағдайдың барлық егжей-тегжейін анықтауға көмектесуді сұрап, жұртшылыққа үндеу жасаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.07.2026, 15:53 35586
Балқаш жағалауында көлікпен қауіпті әрекет жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
Сурет: Бейнежазбадан алынған кадр
Достарға айту
Балқаш көлінің жағалауы мен су айдынында қауіпті автокөлік жарысын ұйымдастырған Тараз қаласының тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Полиция қызметкерлері Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Балқаш көлінің тура жағалауында және судың ішінде адамдар, жас балалар шомылып жүрген кезде Mercedes-Benz автокөлігін жүргізіп, қауіп төндірген 40 жастағы жүргізушіні анықтады. Ол өз әрекетімен айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген",- деп көрсетілген хабарламада.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Бұған дейін Жамбыл облысында отшашумен автокөлік кортежін ұйымдастырған қатысушылар жауапкершілікке тартылған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.07.2026, 13:40 41346
Қазақстан СІМ Алтайдағы қазақстандықтардың қатысуымен болған жол апатына қатысты пікір білдірді
Сурет: AI
Достарға айту
ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Алтай Республикасының Ұлаған ауданында екі отандасымыз қаза тауып, тағы біреуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Өкінішке қарай, алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында Қазақстанның екі азаматы көз жұмды. Тағы бір отандасымыз әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, Горно-Алтайск қаласындағы республикалық клиникалық ауруханаға шұғыл түрде жеткізілді", - деп көрсетілген хабарламада.
СІМ қазақстандық дипломаттардың жергілікті билік органдарымен, медициналық мекемемен және зардап шеккендердің туыстарымен жедел байланыс орнатқанын хабарлады.
"Қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде. Сондай-ақ қаза тапқандардың мәйіттерін елге жеткізуді ұйымдастыру бойынша тиісті қолдау жасалып жатыр. Бұл мәселе министрліктің ерекше бақылауында", - деп мәлімдеді ведомство.
Естеріңізге сала кетсек, Алтай Республикасының Ұлаған ауданындағы Ақташ ауылы маңында Toyota Avensis автокөлігін басқарған 31 жастағы әйел жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Қазақстан азаматы басқарған Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысқан болатын.
Жол апаты салдарынан екі Қазақстан азаматы қаза тапты. Сондай-ақ, әртүрлі дәрежедегі жарақатпен Ақташ ауылының 21 жастағы тұрғыны және Chevrolet Nexia көлігінің үш жолаушысы - 63 жастағы екі ер адам мен 13 жастағы қыз бала ауруханаға жеткізілген болатын.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, әйел көлікті мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз басқарған. Аталған жол апаты бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.07.2026, 11:58 42561
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
29 шілдеде Қытай аумағында магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісі тіркеліп, жерасты дүмпулері Алматы қаласында да сезілді, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы.
Жедел мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен 11:10-да (Гринвич бойынша 06:10-да) тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 41,38° солтүстік ендік және 78,72° шығыс бойлық координаттарында орналасқан. Энергетикалық класы - 11,6.
Алматыдағы жерасты дүмпулерінің есептік қарқындылығы 2 баллды құрады.
Естеріңізге сала кетсек, 28 шілде күні Жапонияның Кюсю аралында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болып, кейін билік цунами қаупі болатындығын ескерткен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.07.2026, 10:22 46696
Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Жетісу облысының Алакөл ауданындағы Алматы - Өскемен автожолының 474-шақырымында 26 шілдеде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы алты адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінен.
Күш құрылымдарының мәліметінше, Kia Sportage автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Toyota Highlander автокөлігімен соғылып, артынша Kia атокөлігі сол бағытта келе жатқан Lexus GS300 автокөлігіне соғылған.
Жол апаты салдарынан Kia Sportage жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы алты адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.07.2026, 14:13 48601
Павлодар облысындағы көмір кенішінде 42 жастағы жұмысшы қаза тапты
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда
Достарға айту
Павлодар облысындағы "Майкүбен Вест" акционерлік қоғамының аумағында 42 жастағы тау-кен шебері қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Алдын ала мәлімет бойынша, бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде 1984 жылы туған тау-кен шебері ауыр жарақат алып, салдарынан қаза тапқан, - деп жазады "ҚазАқпарат" мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыровтың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.
Еңбек инспекциясының мамандары қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жұмыстарын ұйымдастырып жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.
Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.08.2026, 09:16Тоқаев отандастарымызды Абай күнімен құттықтады 10.08.2026, 09:45 5261Қазақстанда шекарадан жүк көліктерін өткізуге қойылатын бақылау күшейтіледі10.08.2026, 10:19 4261Бақыт Есімова Президенті әкімшілігінің бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды10.08.2026, 11:08 3896Қазақстанда "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру жөніндегі комиссия құрылды10.08.2026, 11:58 3186Астана қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігінің жүру тәртібі белгіленді
05.08.2026, 19:17 83436ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды06.08.2026, 15:56 73221Қазақстанда шетелдік танымал тұлғалар бейнеленген саяси үдерістерге қатысты фейктердің жаңа толқыны анықталды04.08.2026, 18:34 73131Wildberries қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін қазақстандық сатушыларға өтемақы төлейді06.08.2026, 13:30 7310116 тамыздан бастап ҮАААЖ-мен жүру құны екі есе қымбаттайды06.08.2026, 16:21 72796Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты
24.07.2026, 17:33 105451АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99196Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 97766Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда17.07.2026, 23:10 96941Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 94796ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев

