09.03.2023, 10:35 25006

Астанада айналымы 34 млн долларды құрайтын заңсыз крипто айырбастау пунктінің қызметі тоқтатылды

Binance платформасындағы крипто айырбастау пунктінің крипто әмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 млн АҚШ долларын құрады
Астана. 9 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР үш азаматының "ABS Change" крипто айырбастау пункті арқылы цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметін Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті әшкереледі.

Аталған азаматтар 2021-2023 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында қылмыстық қызметін жүзеге асырды.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде айырбастау пунктін ұйымдастырушыладың заттары, 342 000 АҚШ доллары және 7 млн теңгесі тәркіленді. "Binance" платформасында 2 крипто әмияннан 23 мыңға жуық АҚШ доллары сомасына криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеу қойылды", - делінген ҚМА хабарламасында.


Алдын ала есеп бойынша, "Binance" платформасындағы крипто айырбастау пунктінің крипто әмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 млн АҚШ долларын құрады.

Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында ҚР-да цифрлық майнингті лицензиялауды көздейтін заң күшіне енді. Мемлекеттік реттеудің мақсаты экономикалық даму және бәсекеге қабілеттілік үшін ҚР-да цифрлық активтерді шығару және айналымы, цифрлық майнинг жөніндегі қызметті дамыту болып табылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны