15.08.2022, 16:06 22576

Алматы қалалық сотын миналау туралы хабарлама жалған болып шықты - ДП Алматы

Алматыда "бомба қойылды" деген сот ғимаратын қаланың шұғыл жедел қызметтері тексеріп шықты.
Алматы қалалық сотын миналау туралы хабарлама жалған болып шықты - ДП Алматы
Сурет: Polisia.kz
АЛМАТЫ. 15 ТАМЫЗ - Алматыда "бомба қойылды" деген сот ғимаратын қаланың шұғыл жедел қызметтері тексеріп шықты. Нәтижиесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.
 

Қазбек би көшесінде орналасқан сот ғимаратындағы тексеру жұмыстары аяқталды. Ол жерден жарылғыш зат табылған жоқ. Қазіргі уақытта экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасы жалған ақпарат таратушыны іздестіріп жатыр. Оған қатысты шара қолданылатын болады", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 
Бұған дейін Алматы қалалық сот ғимаратынан судьялар мен қызметкерлердің эвакуацияланып жатқаны туралы жазған болатынбыз . 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны