20.03.2023, 13:08 25696

Ресей азаматынан алаяқтық таратуға арналған жабдық тәркіленді

Ресей азаматынан алаяқтық таратуға арналған жабдық тәркіленді
Сурет: gov.kz
Материалдар полиция органдарына тапсырылды

Ақтөбе. 20 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Ақтөбе облысында "Әлімбет" автомобиль өткізу пунктінде Ресей азаматы ұсталды, одан алаяқтық хабарламаларды жаппай тарататын жабдықтар тәркіленді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.

gov.kz
 

2023 жылғы 17 наурызда Ақтөбе облысының "Әлімбет" автокөліктік өткізу пунктінде Ресей азаматы тізгіндеген "Ауди" автокөлігін тексеру кезінде қысқа хабарламаларды жалпылап таратуға, қабылдауға және белсендіруге арналған бағдарламалық-ақпараттық "Sim-box" кешені және 600-ден аса түрлі қазақстандық мобилді байланыс операторларының sim-карталары табылды", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.


gov.kz
 
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаменті аталған материалды процессуалдық шешім шығару үшін полиция органдарына тапсырды.
 
Бұған дейін Алматыда арнайы операция барысында төрт адамнан тұратын интернет-алаяқтар тобы ұсталған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны