05.04.2023, 11:51 27896

Шекара қызметі Күдебаевтың шекараны кесіп өту мүмкіндігін анықтап жатыр

Шекара қызметінің басшысы Күдебаевтың Қырғызстанға тау арқылы қашу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Астана. 5 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Серік Күдебаев мемлекеттік шекараны ресми өткізу пункттері арқылы кесіп өткен жоқ. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов айтты.
 

Серік Күдебаев мемлекеттік шекараны ресми өткізу пунктері арқылы кесіп өткен жоқ. "Күдікті мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп, Қырғыз еліне өтті және ол жақтан үшінші елге кетіп қалды" деген ақпараттың түсуіне байланысты шекарашылар мемлекеттік шекараны заңсыз кесуі мүмкін жерді анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Бұл жұмысқа көрші ел де қосылды. Қырғыз Республикасының шекара қызметіне ресми сауал жіберілді. Меніңше, қазіргі уақытта бір нәрсе айтуға ерте. Жүргізіліп жатқан тексерудің аяқталуын күту қажет", - деді Ерлан Алдажұманов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

 
Сонымен қатар ол шекара қызметі Серік Күдебаевтың елден қашын кеткенін 27 наурызда білгенін атап өтті.
 
Еске сала кетейік, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған болатын.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны