13.08.2021, 19:17 14774

Алматыда ірі өрт: 4 адам құтқарылды

АЛМАТЫ. 13 ТАМЫЗ - Алматыда жанып жатқан үйден төрт адам құтқарылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

13 тамызда түнгі сағат 02:58-де Алматы қаласы ТЖД "101" пультіне Жетісу ауданы, Ақтолқын көшесі, 12-үйде тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді. Белгіленген нормативтік уақыт бойынша (8 минутта) оқиға орнына жеткенде, 2-қабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы 300 ш.м. ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған", - деп хабарлады қалалық ТЖД.

 
Өрт сөндірушілердің айтуынша, өрттің тез таралуына хабарламаның кеш келіп түсүі және 1943 жылы салынған ғимараттың ағаш құрылымы (ағаш қалқалар, ағаш төбе жабындылары) ықпал еткен. Тұрған үйдің барлық қабаттарында қою түтіннен эвакуация жолдары жабылып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді.
 

Жапсарлас орналасқан пәтерлерді сөндіру және қорғау үшін дереу өрт сөндіру оқпандары берілді. Барлау және өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер 3 тізелік баспалдақ арқылы 4 адамды құтқарды. Олар- 52 жастағы ер адам және 10 жасар бала, 36 және 55 жастағы екі әйел адам. Сондай-ақ өрт оқиға орнында 56 жастағы әйел адам жарақат алды. Зардап шеккендер дереу қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды, қазір олар дәрігерлердің бақылауында", - деп қосты қалалық ТЖД.

 
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 43 адам, 12 бірлік техника жұмылдырылды. Қабылданған шаралармен үй тұрғындарының, сондай ақ 4 адам өмірін сақтап қалды. Өрт сағат 03:54-те ауыздықталып, таңғы 04:17-де толығымен жойылды.
 
Түнгі демалыс уақытында Алматы қаласы ТЖД тұрғындарға электр құралдарын, зарядтау құрылғыларын, теледидарларды және т.б. сөндіруді ұсынады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны