27.02.2023, 08:20 16996

Алматыда Қырғызстан аумағындағы жер сілкінісі сезілді

Магнитудасы 5,9 болды
Алматыда Қырғызстан аумағындағы жер сілкінісі сезілді
Алматы. 27 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан 278 және 279 км қашықтықта екі жер сілкінісін тіркеді.

Бірінші жер сілкінісі 27 ақпан күні Алматы уақытымен 03 сағат 42 минут 15 секундта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты - 12,2. MPV тербелісі - 5,9. Тереңдігі - 15 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл деңгейінде сезілмеді.

Сондай-ақ, 05 сағат 58 минут 05 секундта тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай Халық Республикасының шекарасында орналасқан.

Энергетикалық санаты - 12,1. MPV тербелісі - 5,6. Тереңдігі - 10 шақырым.

Алматыда жерасты дүмпуі сезілген жоқ.

Бұған дейін Алматыда жер сілкінісі болған жағдайда халыққа 380-нен астам көмек көрсету пункті құрылатыны хабарланған болатын.

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында ТЖ вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қатты жер сілкінісі болған жағдайда Алматыдағы үйлердің 30%-ы қирауы мүмкін екенін атап өтті.

Қазақстан Президентінің телерадиокешені ықтимал жер сілкінісі туралы деректі фильмнің анонсын ұсынды.


Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны