18.03.2022, 20:17 32146

Апелляциялық сот Елжан Біртановтың ісі бойынша шешім шығарды

Апелляциялық сот Елжан Біртановтың ісі бойынша шешім шығарды
Сурет: yvision.kz
НҰР-СҰЛТАН. 18 НАУРЫЗ - Нұр-Сұлтанның апелляциялық соты Бас прокуратураның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық істі прокуратураға қайтару туралы шағымы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2022 жылғы 18 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың өтінішхаты мен Біртановтың мүддесін қорғаушылардың жеке шағымдарын қарап, оларды негізсіз деп таныды және 2022 жылғы 28 қаңтардағы Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотының Біртанов пен Әбішевке қатысты қылмыстық істі сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық процестік кодекстің бұзушылықтарын жою үшін прокурорға қайтару туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырды.
 
Қаулы заңды күшіне енді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны