13.04.2022, 17:13 19271

Қар көшкіні астында жоғалып кеткен бір турист тірі табылды

Қар көшкіні астында жоғалып кеткен бір турист тірі табылды
АЛМАТЫ. 13 СӘУІР - Алматы маңындағы тауларда қар көшкіні басып қалған туристердің бірі қардан шығарылды.
 
Құтқарушылар қар көшкіні астында қалған бір туристі тапқанын хабарлады. Екіншісін іздеу жалғасып жатыр.
 

Құтқарушылар зардап шегушілердің бірін қар астынан алып шықты, ол тірі", - делінген Алматы қаласы ТЖД хабарламасында.

 
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шегушінің иығы шығып кеткен.
 
Іздестіру-құтқару жұмыстарына 31 адам, сегіз техника, екі кинологиялық топ, бір тікұшақ және бір дрон жұмылдырылды.
 
Еске сала кетейік, қар көшкіні сәрсенбі күні сағат 13.28-де Іле Алатауы тауларындағы Молодежный шыңы аймағына жүрді.
 
Бір күн бұрын құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкіні қаупі күшейетінін ескерткен болатын.
 
Өткен айда "Шымбұлақ" курортында қар көшкіні кезінде шаңғышы қаза болды.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны