05.12.2022, 16:05 10886

Қазақстанда қаржы пирамидаларына қайта қаражат тарту жағдайлары жиілеп барады - ҚМА

Қазақстанда қаржы пирамидаларына қайта қаражат тарту жағдайлары жиілеп барады - ҚМА
Сурет: Depositphotos
Агенттік азаматтарды қырағы болуға, жинақтарын күмәнді қаржылық компанияларға салмауға шақырады

Астана. 5 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда қылмыстық әрекеті сотта дәлелденген қаржы пирамидаларына қайта қаражат тарту жағдайлары жиілеп барады, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
 

Оларды бұрынғы жалған инвестициялық қызметтің ойдан шығарылған тұрақтылығын көрсетіп, танымал атауларды, ақша тартудың бірдей әдістерін қолданатын арам пиғылды адамдар ашады", - деді баспасөз қызметінде.

 
Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі "LV Force", "World Business Consulting", "The Finico", "Caspian Crocus", "B2B Jewelry", "ПК Елімай-2019", "Мебельный проект Нур", "Лидер", "Лидер капитал-168", "Нарымбетова", "Hermes -LTD" және т.б. сияқты қаржылық пирамидалардың қызметіне тосқауыл қойған болатын.
 
Олар қарапайым мессенджерлерден бастап білім беру курстары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға дейін әртүрлі қызмет түрлерін ұсынып, азаматтардан ақша алудың қылмыстық схемаларын жүзеге асырды.
 

Компаниялар қаржы пирамидасы болып, халық жинаған қаражатынан айырылып жатқанына қарамастан, кейбір азаматтар қылмыскерлердің жарнамалық науқандарына ілініп, ақша салуды жалғастыруда", - деп атап өтті ҚМА.

 
Сондай-ақ, Агенттік азаматтарды қырағы болуға, жинақтарын күмәнді қаржылық компанияларға салмауға шақырады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны