22.11.2021, 20:03 12844

Қазақстанда бір жыл ішінде интернет-қылмыстар саны бірден 80%-ға өсті

Ағымдағы жылдың өзінде осындай 17 мыңнан аса оқиға тіркелген.
Қазақстанда бір жыл ішінде интернет-қылмыстар саны бірден 80%-ға өсті
Сурет: picsart.com
НҰР-СҰЛТАН. 22 ҚАРАША - Елімізде интернет-алаяқтық жағдайлары күрт көбейді. Ағымдағы жылдың өзінде осындай 17 мыңнан аса оқиға тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстығанда 80 процентке көп. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. 
 
Қазақстандықтар, әсіресе, өнім немесе қызмет үшін, аванстық төлем жасау кезінде алданады. Бұған қоса микро-кредиттік ұйымдардың веб-сайттарында онлайн несие тіркеу мен азаматтардың жеке деректерін алғаннан кейін банк шоттарынан ақша ұрлау оқиғалары жиі кездеседі. Көп жағдайда алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жалған нөмірлермен қоңырау шалған. 1 200 жағдайда жәбірленушілер фи-шингтік интернет-ресурстарға деректерін өз еркімен енгізген. Түрлі жобаларға тиімді инвестициялау желеуімен 2 000-ға жуық алаяқтық жасалған.
 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны