11.08.2021, 18:28 13332

Қазақстанда вакцинация паспорттарын қолдан жасау бойынша жаңа тергеулер басталды

Қазіргі уақытта олардың атына жалған вакцинация паспорттары берілген 37 азамат, сондай-ақ жалған құжат жасауға қатысы бар 12 адам, оның ішінде 8 медицина қызметкері анықталды.
НҰР-СҰЛТАН. 11 ТАМЫЗ - Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық бөлімшелері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар және Тараз қалаларында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың жалған паспорттарын заңсыз сатқан медицина қызметкерлері мен басқа да тұлғаларды анықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Жоғарыда көрсетілген адамдар баю мақсатында денсаулық сақтау органдарының міндеттері мен мораль нормаларына қайшы, азаматтарға жалған вакцинация жүргізген. Осылайша, жалған вакцинация паспорттарын 5 000-нан 30 000 теңгеге дейін ақшалай сыйақы үшін сатқан", - деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметінде.

 
Аталған фактілер бойынша қылмыстық кодекстің 385-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша 7 сотқа дейінгі тергеп-тергеу басталды. Яғни, жалған құжаттарды қолдан жасау.
 

Қазіргі уақытта олардың атына жалған вакцинация паспорттары берілген 37 азамат, сондай-ақ жалған құжат жасауға қатысы бар 12 адам, оның ішінде 8 медицина қызметкері анықталды. Басқа күдікті тұлғаларды анықтау бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасуда", - деп қосты агенттікте.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда жыл басынан бері медициналық құжаттарды бұрмалаумен байланысты 100-ден астам қылмыстық іс қозғалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны