06.07.2022, 16:22 24686

Дәрігерлер Теңізде зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер Теңізде зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы туралы айтты
Сурет: Depositphotos
АТЫРАУ. 6 ШІЛДЕ - Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы Теңіз кен орнындағы жарылыс кезінде зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Апат кезінде кен орнында 5 жұмысшы зардап шеккен. Екі азамат көз жұмды. Қайтыс болғандардың біреуі оқиға орнында, екіншісі кен орнындағы "ТШО клиникасы" медициналық мекемесінде көз жұмған. Үшінші зардап шегушіні "Теңізшевройл" ЖШС-не қарасты ұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Науқасқа қазіргі таңда дәрігерлер сараптама жүргізіп жатыр. Төртінші жарақат алған жұмысшы Жылой аудандық ауруанаға жеткізілді. Ол жамбас тұсынан жабық жарақат алған. Оның жағдайы орташа тұрақты. Бесінші зардап шегушіге кен орнындағы "ТШО клиникасы" медициналық мекемесінің қызметкерлері психологиялық көмек көрсетіп жатыр", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасында.


Еске сала кетейік, Теңіз кен орнындағы жарылыс бүгін, 6 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 09:55 шамасында болған. Кен орнындағы атмосфералық газы бар құбырда гидротест жүргізілген. Қысымға төтеп бере алмаған құбыр жарылып кеткен. Жарылыстың салдарынан оқиға орнында екі жұмысшы көз жұмды. Ал, үш адам әртүрлі дене жарақатын алып, медицина қызметкерлеріне жүгінген. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны