12.04.2023, 17:41 45921

Ұлттық экономика вице-министрі үй қамағына алынды

Ұлттық экономика вице-министрі үй қамағына алынды
Сурет: primeminister.kz
Усеров 10 маусымға дейін үй қамағына алынды

Астана. 12 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның ұлттық экономика вице-министрі Илияс Усеров екі ай мерзімге үй қамағына алынды, деп хабарлайды Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі.
 

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына 10 сәуір күні Алматы қаласы прокурорының орынбасары келіскен өтініш келіп түсті. Өтініште ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ВЖТТ басшысының күдікті деп танылған И. Усеровқа қатысты 2 ай мерзімге үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы көрсетілген", - деп хабарлады сотта.

 
Жоғарыда аталып өткен өтініш қанағаттандырылып, күдіктіге қатысты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылғы 10 маусымға дейін үй қамаққа алу бұлтартпау шарасы қолданылды.
 
Еске салайық, БАҚ-та ұлттық экономика вице-министрі Илияс Усеровтің ұсталғаны туралы хабарланған болатын. БАҚ оның аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады, деп хабарлайды inform.kz.
 
Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі "ұлттық экономика вице-министрі Илияс Усеровтың "қамауға алынуына" қатысты ақпарат тексеріліп жатқанын" хабарлаған болатын. Кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте ұлттық экономика вице-министрі Илияс Усеровтың ұсталғанын растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ҚРҰстау

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны