20.08.2021, 17:32 47320

Нұр-Сұлтанда вакцинация паспорттарын қолдан жасаған күдікті ұсталды

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
НҰР-СҰЛТАН. 20 ТАМЫЗ - Елорданың тәртіп сақшылары вакцина паспортын қолдан жасап, оларды сату фактісінің алдын алды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
 

Полицейлер назарына кез келген үлгідегі құжат дайындауды уәде еткен жас ер адам түскен. Ол қала тұрғындарына вакциналау төлқұжатын 20 күн ішінде дайындап беруді ұсынды. Бұл ретте тапсырыс берушілер ақшаны алдын ала төлеуі тиіс болды. Ер адам жұмыс орнының жанында 50 мың теңге көлеміндегі ақшаны алу үстінде ұсталды. 28 жастағы күдіктінің айтуынша, ол осылайша ақша таппақ болған", - деп хабарлады елордалық полиция департаментінде.

 
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Вакцина паспорттарын алу үшін аталған ер адамның "көмегіне" жүгініп алданған азаматтардың саны анықталуда.
 
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды заңға қайшы кез келген әрекет үшін жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны