10.05.2022, 17:51 10031

Қостанайдағы ТЖ: билік 12 өртенген үйдің тұрғындарына көмек көрсетеді

Қостанайдағы ТЖ: билік 12 өртенген үйдің тұрғындарына көмек көрсетеді
Сурет: kstnews.kz
ҚОСТАНАЙ. 10 МАМЫР - Қостанайда 12 үйді жойған өртті әкімдік қалалық ауқымдағы төтенше жағдай деп атады.
 
Қостанайда 12 тұрғын үй, 3 жеңіл көлік және бір жүк көлігі өртеніп кетті. Жергілікті полиция мен өртсөндірушілер бүгін зардап шеккендермен кездесті. Бес адам "Достық" емдеу-сауықтыру орнына орналастырылды.
 

Бүгіннен бастап өрт салдарынан жойылған мүліктің бағасын анықтау бойынша тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, жедел комиссия жұмысын бастады. Қысқа уақытта қорытынды беруге тапсырма берілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, 13 отбасы зардап шеккен, онда 13 кәмелетке толмаған бала тәрбиеленіп отыр, олардың ішінде 7 оқушы бар. Алғашқы көмек ретінде тартылған қаражат есебінен әрбір отбасына 200 мың теңгеден төленді", - деп хабарлады Қостанай әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

 
Сонымен қатар, зардап шеккендерге жұмыспен қамту бөлімі 70 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төлейді, бұл 214 410 теңге. Отбасыларға азық-түлік түрінде материалдық көмек көрсетіледі.
 

7 оқушы үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылады, кеңсе тауарлары, киім сатып алынады, сондай-ақ 2 кәмелетке толмаған студент қажетті киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Заң қызметі, жер қатынастары, сәулет бөлімі жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды қалпына келтіру жұмыстарын бастады, ТЖ басқармасына мәселені жедел шешу үшін барлық қажетті анықтама беру тапсырмасы берілді", - деді әкімдік өкілдері.

 
Қостанайда ТЖ жою бойынша жедел штаб жұмыс істейді, оны өңір әкімі Архимед Мұхамбетов бақылайды. Кез келген мәселе бойынша зардап шеккендер iKomek орталығына 109 нөмірі бойынша хабарласа алады.
 
Бұған дейін Қостанайда 9 мамырда кешке Тобыл өзенінің бойында қамыс өртенгені хабарланған болатын. Жел салдарынан өрт Набережная көшесіндегі жақын маңдағы тұрғын үйлер мен жеке сектордың ауласына тез тарап кеткен.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны