16.03.2024, 14:48 29911

Полиция мен күзетшілер ер адамды үсіп қалудан құтқарды

Зардап шеккен адамға жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлерге тапсырылды
Полиция мен күзетшілер ер адамды үсіп қалудан құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Рудныйдың 62 жастағы тұрғыны жұбайымен жанжалдасып, саяжайға кетіп қалады. Ер адам көлік тоқтатып біраз жер жүрген. Алайда, саяжайға жол болмағандықтан сапарын жаяу жалғастырған. 1,5 шақырым жүріп өткеннен кейін қар құрсауында қалып қояды. Кешқұрым күзетшілер аумақты бақылап жүріп адам іздерін аңғарған.

Іздерді көріп ұрылар екен деп ойладық. Алайда, от жағып жылынып отырған адамның үстінен түстік", - дейді күзетшілердің бірі.


Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Серік Оспанов пен Асхат Алдешов келді. Ер адам астматик және қатты суықтан аяқтары тартылған.

Біз Рудный тұрғынын жылыту үшін көліктің чехолына жатқызып, қызметтік көлікке дейін сүйреттік", - деп атап өтті Серік Успанов.


Зардап шеккен адамға жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлерге тапсырылды. Адасқан ер адамның жұбайы күйеуін құтқарғандарға алғыс білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны